логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қазақстанда мидағы ісікті анықтайтын инновациялық радиофармпрепарат енгізілді

  20.12.2024
Қазақстанда мидағы ісікті анықтайтын инновациялық радиофармпрепарат енгізілді

ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы ПЭТ/КТ зерттеулер жүргізуге арналған Жаңа 18F-FET (фторэтилтиозоксазоль) радиофармацевтикалық препаратын шығарып, қолдана бастады. Инновациялық препарат мидағы ісікті дәл анықтап, оның метаболикалық белсенділігін көруге мүмкіндік береді және нейроонкология үшін өте маңызды.

18F-FET ми тіндеріндегі аминқышқылдарының метаболизмін бағалау үшін ойлап табылғанын айта кеткен жөн. Сезгіштігі жоғары болғанының арқасында препарат дәстүрлі тәсілдерде көрінбеуі мүмкін мидың ұсақ түзілімдерін дәл анықтай алады.

18F-FET радиофармпрепаратының артықшылығы – диагностиканың дәлдігі мен ісік жасушаларына тез сіңе алуында, сонымен қатар препаратты емнің әсерін бақылау және аурудың деңгейін анықтау үшін қолдануға болады.

«ҚР ПІБ МО ауруханасы Ядролық медицина орталығының клиникалық тәжірибеге 18F-FET енгізуі нейроонкологиялық аурулармен күресте маңызды қадам болмақ. Әр пациентке жеке тәсіл таңдай отырып, дәлдігі жоғары жабдықтың көмегімен мамандар мидағы ісік түзілімдерін диагностикалаудың тиімділігін арттырып, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарта алады», - деп атап өтті ҚР ПІБ МО ауруханасы Ядролық медицина орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова.

Қазіргі күні препарат глиомалар мен мидағы басқа ісіктерді диагностикалауда жиі қолданылады. Ол аурудың шоғырланған жері мен сатысын дәл анықтауға, операциядан немесе сәулелік емдеуден кейін қалған ісік тіндерін бақылауға көмектеседі.

18F-FЕT (фторэтилтирозин) Медорталық ауруханасында шығарылатын 6-шы препарат болмақ.


Аурухана серіктестері