ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында білікті дәрігерлер жүрек ауруларын емдейді
ҚР ПІБ МО ауруханасында кардиологтар, кардиохирургтар, аритмологтар, интервенциялық кардиологтар науқастарға шұғыл көмек көрсетеді. Кардиологтар жүрек-қантамырлары ауруларын диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға маманданған.
Олар жүрек ауруларының диагностикасын – электрокардиограмма (ЭКГ), эхокардиография (жүрек УДЗ), стресс-тесттер, холтерлік мониторлау және басқа да диагностикалық тесттер жүргізеді. Жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, жүрек жеткіліксіздігі және аритмия сияқты ауруларды емдеуге арналған дәрілік терапияны тағайындайды.
Сонымен қатар, аурухана дәрігерлері жүрек-қантамыры ауруларының алдын алу үшін пациенттерге салауатты өмір салтын ұстап, диета және жаттығуларға қатысты кеңес береді. Ал созылмалы жүрек ауруы бар науқастар үнемі бақылауда болады. Операциядан кейінгі кезеңде барлық пациентке оңалту жүргізіледі.
ҚР ПІБ МО ауруханасының кардиохирургтары жүрек операцияларын – ашық жүрек оталарын, минимал инвазивті процедураларды жасайды. Сондай-ақ аритмологтар жүрек ырғағының бұзылуын (аритмия) диагностикалауға және емдеуге маманданған. Олар аритмияны диагностикалау, емдеу, катетерлік абляция, құрылғыны имплантациялау сынды қызметтерді ұсынады.
Медициналық орталығының ауруханасында жүрек ауруын емдейтін дәрігерлердің үлкен тобы бар. Сонымен қатар Аурухана диагностикалау мен емдеуге арналған ең жақсы, алдыңғы қатарлы құрылғылармен жабдықталған.