Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

"Қазақстандағы тераностика: жол басы" ядролық медицина бойынша кезекті халықаралық конференция

  06.05.2024
"Қазақстандағы тераностика: жол басы" ядролық медицина бойынша кезекті халықаралық конференция

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының базасында 15-16 мамыр аралығында "Қазақстандағы тераностика: жол басы" ядролық медицина бойынша кезекті халықаралық конференция өтеді. Конференция аясында ТМД ядролық медицинасының жетекші мамандары 3 ағымдық шеберлік сағаты өткізеді.

Тераностика - ерте диагностика құралы және терапевтік агент саналатын препараттарды жасау арқылы терапевтік және диагностикалық мәселелерді кешенді шешетін ядролық медицина саласы.

2022 жылдың соңында ҚР ПІБ МО ауруханасының базасында өзіндік өндірісі бар бірегей ядролық медицина орталығы ашылды, оның қазір елімізде баламасы жоқ. Бұл ядролық медицина орталығы өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық талаптары бойынша жұмыс істейтін бірінші орталық және ол пациенттерге радиоизотоптық диагностиканың уақытылы жоғары білікті мамандандырылған қызметін көрсете отырып, елдегі осы саланың дамуына үлкен серпін береді.

2022 жылғы 16 желтоқсанда алғашқы радиофармацевтикалық препарат – 18F-FDG (фтородезоксиглюкоза), 2023 жылғы 31 наурызда екінші радиофармацевтикалық препарат – 18F-NAF (натрий фториді), 2023 жылғы 29 қыркүйекте үшінші препарат - 11С-МЕТ (метионин), 2023 жылғы 20 желтоқсанда төртінші препарат - 18F-DOPA (фторидопамин) шығарылды. 2026 жылдың соңына дейін тағы 5 жаңа радиофармпрепарат шығарылады. Бүгінгі таңда ауруханада фтор, көміртек және галлий негізіндегі 6 радиофармацевтикалық препараттар өндірісі жолға қойылған, соның арқасында қуық асты безінің қатерлі ісігі, нейроэндокриндік патология аурулары, сүйек-буын жүйесі, ми аурулары диагнозы қойылды.

Бүгінгі таңда аурухана мамандары ТМККК, МӘМС шеңберінде диагностика хаттамалары мен тарифтерді бекіте отырып, елімізде ядролық медицина бойынша 20 жаңа технология енгізді.

Бұл іс-шара GE Healthcare (General Electric) компаниясының қолдауымен өткізіледі.

Конференцияға Ресей мен Қазақстанның ядролық медицина саласындағы жетекші мамандары мен ғалымдары қатысады. Конференцияның негізгі бағыты - тераностикаға арналған радиофармпрепараттарды өндіру технологияларын дамыту, тераностикада қолдануға арналған ядролық медицина әдістерінің мүмкіндіктері, радиоиодтерапия, проблемалар мен перспективалар, халықаралық тәжірибені талқылау.

Конференция ядролық медицина, сәулелік диагностика дәрігерлері, онкологтар, кардиологтар, урологтар, радиохимиктер, аналитикалық химиктер, физиктер, клиникалық физиктер, резиденттер үшін өткізіледі.

15 мамыр: бірінші күні конференция дәрігерлер, физиктер, химиктер үшін F блогының үлкен мәжіліс залында өтеді.

Конференция шеңберінде Қазақстандағы радиологияның қазіргі даму жағдайы, аналық без обыры кезіндегі метастаздар мен рецидивтерді диагностикалауда 18F-FDG бар ПЭТ/КТ мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылады, Қазақстандағы тераностиканың проблемалары мен перспективалары талқыланады. GE Healthcare компаниясы тераностикалық бөлімше үшін бірыңғай шешімді таныстырады. Халықаралық тәжірибені талқылау "қуық асты безінің қатерлі ісігінің тераностикасы", "ПСМА-лигандты радионуклидтік терапияға арналған пациенттің моделі", "радиотераностикадағы моноклоналды антиденелер" сияқты тақырыптарды қозғайды.

Конференция соңында сарапшылардың дөңгелек үстелі ұйымдастырылады.

16 мамыр: рентгенологтар, радиохимиктер және циклотрон инженерлері үшін ресейлік мамандардың қатысуымен 3 ағымдық шеберлік сағаты өтеді. Біздің ауруханада енгізу жоспарланған жаңа радиофармацевтикалық препараттарды қолдану, 18F-FET және 18F-PSMA препараттарын қолдану кезіндегі клиникалық жағдайлар бойынша мәселелер қаралады. Циклотронды-өндірістік кешен негізінде 18F-FLT, 18F-FET және 18F-PSMA препараттарын синтездеу және сапасын бақылау әдістері, қатты күйдегі нысандарды пайдалану, жабдықтың жоспарланбаған тоқтап қалуын алдын ала төмендету, жалпы бұзылуларды модельдеу (trouble shooting) бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі.

Конференция 2024 жылғы 15 мамыр сағат 9:00-де басталады.

Өтетін орны: ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы.

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 80.

ЖҮКТЕУ




Аурухана серіктестері