Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Жеңісбек Тынкозиев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды

  08.04.2022

Эндоскопист дәрігер Жеңісбек Тынкозиев «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерейтойлық медалімен және «BILIM-ÓRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі оқу орталығының басшысы Жанерке Төлен Дүниежүзілік денсаулық күніне орай біздің дәрігерге марапатты табыс етті.

Жеңісбек Тынкозиев – Президенттік клиниканың үздік мамандарының бірі, ол елімізді адам денесінде бір тілік қалдырмай өкпе және жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын диагностикалау технологиясымен таныстырды. Жақында дәрігер денені ашпастан қатерлі ісікті алып тастау бойынша бірегей операцияны сәтті өткізді.

IMG_8314_2000.jpgIMG_8334_2000.jpg


Аурухана серіктестері