Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиника Минскіде

  03.12.2021

Президенттік клиника директорының орынбасары Әлия Төлеуова мен медициналық туризм, маркетинг және жарнама бөлімінің бастығы Құралай Асылбекова өзекті бағыттардың бірі - медициналық туризмге арналған екінші Халықаралық воркшопқа қатысты. Аталған іс-шара Беларусь астанасы Минск қаласында өтті. Президенттік клиниканың өкілдері, сондай-ақ Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Үндістан, Польша, Ресей, Түркия мен Украинадан келген әріптестері өздерінің медициналық ұйымдары, орталықтары мен санаторийлерін таныстырды. Шара кезінде осы бағытта жұмыс істеп жүрген агенттіктермен В2В кездесулер, келіссөздер өтті.

Іс-шараға қатысқан шетелдік қонақтар клиникамызда көрсетілетін медициналық көмектің түрлеріне, атап айтқанда Сheck-up бағдарламалары, ядролық медицинаны дамыту, кардио және нейрохирургияға қызығушылық танытты. Президенттік клиниканың өкілдері келіссөз жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының Медициналық туризм қауымдастығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


aed7b3d5-0437-40b9-9375-7c83a68c1322.jpg


Аурухана серіктестері