Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникаға Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді

  02.12.2021

Президенттік клиника Аккредиттеу орталығы өткізген денсаулық сақтаудағы сапаға қатысты қызметті бағалаудан сәтті өтті. Ауруханаға Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді. Ұлттық аккредиттеу клиникамыздың халыққа медициналық қызметті жоғары деңгейде көрсетіп келе жатқандығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұйымдағы барлық бөлімшелер мен процестер ұлттық стандарттар бойынша бағаланды.

Дәрігерлеріміз шетелдің жетекші клиникалары мен университеттерінде өз біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. Аурухана ұжымы оқу, меморандумдар жасасу арқылы практикалық және теориялық дағдылардың жоғары деңгейіне жетуге ұмтылады. Ауруханаға Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатының берілуі қызмет сапасының жоғары стандартын, пациент үшін жайлылық пен қауіпсіздікті көрсетеді.


Аурухана серіктестері