Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2021 жылдың шілде айында клиникамыздың дәрігерлері медицина мамандығы бойынша атағын алды

  19.08.2021

Тәжірибе мен ғылым - медицинаның ажырамас бөлігі болып табылады. Ғылымның арқасында тәжірибе де дами түседі. Өздеріңіз білетіндей, Президенттік клиниканың дәрігерлерінің көпшілігінде ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олар үнемі тәжірибе мен ғылыми жұмысты ұштастырып отырады.

2021 жылдың шілде айында клиникамыздың дәрігерлері - директордың емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева Медицина мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағын, сондай-ақ директордың ғылым және даму стратегиясы жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров профессор атағын алды.

Раушан Қарабева медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас терапевті, 2012 жылдың мамыр айынан бастап директордың емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. 2014 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штатындағы Virginia Common wealth University-де тағылымдамадан өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері.

Насрулла Шаназаров – «Фотодинамикалық терапия» орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-онколог, іскерлік әкімшілендіру магистрі, ҚР ПІБ МОА бас онкологы. ESMO (Еуропалық медициналық онкологтар қоғамы), ASCO (Америкалық клиникалық онкологтар қауымдастығы) және RUSSCO (Ресейлік клиникалық онкология қоғамы) мүшесі. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі, РФ «Laboreet Scientia» «Еңбек және біліммен» орденімен марапатталған.

Раушан Жомартовна мен Насрулла Абдуллаевичті ғылыми атақтарымен құттықтаймыз, клиникаға қосып келе жатқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!


238903682_1779812145561324_7260916193656117964_n.jpg

238271667_1779812142227991_2571014940282098713_n.jpg


Аурухана серіктестері