Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

COVID-19-дан кейінгі оңалту бағдарламасы

  30.06.2021
Пандемия басталғалы бері де бір жылдан астам уақыт өтті, осы уақытқа дейін кез-келген COVID-19-бен ауырған адам үшін оңалудың қажет екені түсінікті болды, өйткені көптеген адамдардың бойында шаршау мен ентігу түбегейлі жойыла қоймады.

Дегенмен, коронавирустық инфекция жағдайында денсаулықты қалпына келтіру үшін не қажет? Әрине, ол физиотерапия, емдік дене шынықтыру және арнайы гимнастика.

2020 жылы Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының дәрігерлері COVID-19-бен ауырған адамдарға арналған оңалту бағдарламасын әзірлеп, сәтті қолданып келеді.

Ол Сіздің ағзаңызды қалпына келтіру, жалпы денсаулық жағдайын сақтау және иммунитетіңізді нығайтуға бағытталған түрлі емшаралардан тұрады. Оған мыналар кіреді:
  • электрофорез
  • тұз шахтасы
  • магнитті терапия
  • оксигенотерапия
  • лазерлік терапия
  • емдік дене шынықтыру
  • тыныс алу гимнастикасы
  • вибромассаж
  • кеуде массажы
Аталған бағдарлама бойынша кеңес алу үшін Қалпына келтіру емі және оңалту орталығына хабарласуға болады:
  • 8 (7172) 70-79-16
  • 8 (7172) 70-79-43
  • 8 (7172) 70-80-90 (Call-орталық).
Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

Когда мне нужно-20.jpg


Аурухана серіктестері