Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Неліктен ББҚ-ны дәрігердің тағайындауынсыз ішуге болмайды?

  03.06.2021
ББҚ-ны дәрігерлердің тағайындауынсыз қабылдау керек пе, жоқ па, бұл туралы Президенттік клиниканың Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әдіскер-дәрігері Гүлнар Турдунова айтып берді.

«Әрине, емдеуші дәрігердің кеңесінсіз ББҚ-ны қабылдауға болмайды. ББҚ-лар дәрі-дәрмек қатарына жатпаса да, оларды дәрігер көрсеткіштерге сәйкес тағайындауы керек.

ББҚ-ны қолдану көрсеткіштерінің бірі ретінде микронутриенттердің жетіспеушілігін атауға болады: зертханалық зерттеулер нәтижесінде анықталатын дәрумендер мен минералдар. Сондай-ақ, ББҚ негізгі емнің әсерін ынталандыру немесе күшейту үшін, сондай-ақ аурулардан кейін қалпына келтіру үшін қандай да бір ауруларды кешенді емдеу шеңберінде ұсынылуы мүмкін.

Сондай-ақ, тапшылық ағзаның микронутриенттерді көп тұтынуына байланысты пайда болуы мүмкін. Мысалы, бұл құбылыс: балалардың өсу және даму процесінде, әйел адамдарда жүктілік және бала емізу кезеңінде, спортшыларда белсенді жаттығулар кезінде байқалады.

Дәруменді-минералды кешендерді, оның ішінде ББҚ түріндегі, белгілі бір дозада және белгілі бір уақыт аралығында ғана қабылдауға болады. Дәрі-дәрмектер сияқты, тағайындау әр адам үшін жеке болып табылады. Сондай-ақ, дәрігерлер ББҚ-ды қолдану әсерін бағалау үшін бақылап отыруды ұсынады.

Айта кету керек, дәрігердің кеңесінсіз ББҚ-нф қадағалаусыз қолдану оң нәтиже беріп қана қоймай, адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Дәрігермен кеңескеннен кейін, сіз ББҚ-ны дұрыс қабылдау схемасы мен ұзақтығын анықтай аласыз, сондай-ақ өз денсаулығыңызға зиян тигізбеу үшін қандай ББҚ-ны қолданған дұрыс екенін түсінесіз.

Есіңізде болсын, теңдестірілген тамақтану арқылы тамақпен бірге келетін табиғи дәрумендер мен минералдардың сіздің ағзаңызға тигізер пайдасы көп. Себебі, олар біздің ағзамызға жақсы сіңеді, өйткені өнімдерде қоректік заттар ағзаға қажет басқа заттармен байланысты болады”.

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

94.png


Аурухана серіктестері