Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Ағзамыздағы бактериялар қайдан пайда болады және олар не үшін қажет

  24.05.2021
Адамда өмірге келгенге дейін бактерия болмайды. Басқаша айтқанда, құрсақта жатқан нәресте өте таза болады.

Бала туыла салғанда, оған бактериялар анасынан «беріледі» екен. Біздің ағзамыздағы, оның ішінде ішектегі бактериялардың түрлері жасқа байланысты өзгеріп отырады.

Ана сүтімен тамақтандыру өте маңызды, себебі оның құрамында қажетті микробтар бар.

Басқа факторлар - бұл қоршаған орта, диета, стресс пен физикалық белсенділік, сонымен қатар қабылдайтын дәрі-дәрмектер, яғни антибиотиктер.

Ішектегі бактериялардың түрлері Сіздің денсаулығыңыздың жағдайының көрінісі болуы мүмкін.

Ағзаңыздағы «жақсы» және «жаман» бактериялардың мөлшерін білгеннен кейін, Сіз ұстап жүрген диетаңыз бен өмір салтыңызды түзетіп, жағдайыңызды жақсарта аласыз.

Соңғы жылдары ішек микробиомасының қант диабеті, аутизм және семіздік сияқты түрлі аурулармен байланысы белгілі болды.

Сіздің қандай да бір дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдауыңыз, ішегіңіздегі белгілі бір бактериялардың болуына байланысты болуы мүмкін.

Тексеруден өткеннен кейін, Сіз алған нәтижеңізбен жалғыз қалып қоймайсыз.

Керісінше, медициналық генетиктер, гастроэнтерологтар және диетологтар алған нәтижені түсіндіріп, денсаулықты жақсарту жолындағы алдағы қадамдарды ұсына алады!

65.jpg


Аурухана серіктестері