Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Вакцинациядан неліктен бас тартады?

  19.04.2021
Адамдардың COVID-19-ға қарсы вакцинадан бас тартуының 5 негізгі себебі бар екен.

Сауалнама алынған зерттеу қатысушыларының:
  • 24% вакцинаның сенімділігіне күмән келтіреді
  • 21% ықтимал жанама әсерлерден қорқады
  • 14% COVID-19-дың қауіпті еместігіне сенімді
  • 11% жеке принциптері бойынша бас тартады
  • 8% ағзаның өзі жеңе алатындығына сенімді
Ал фактілер не дейді?

Вакцинация адамзатты түрлі аурулардан бірінші рет құтқарып отырған жоқ. Оба, табиғи шешек, күл ауруы, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит және басқа да аурулар осы вакцинацияның арқасында жойылды. ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын вакциналардың арқасында шамамен 2-3 миллион өлімнің алды алынады екен.

Зерттеулерге сәйкес, Спутник-V вакцинасының тиімділігі 91.6%-ды құрайды.

Вакцинаның жанама әсерлері бар және олар қолданыстағы вакциналарға қарсы пайда болатын реакцияларға ұқсас. Алайда, олар оңай басқарылады және бірнеше күннен кейін басылады.
  • вакцинация орнындағы ауырсыну, ісіну, қышу
  • дімкәстік, дене температурасының жоғарылауы, тәбеттің төмендеуі
  • бас ауруы
  • ауыз жұтқыншақтағы ауырсыну, тамақтың жыбырлауы
  • мұрынның бітуі, ринорея
  • аллергиялық реакция
Өкінішке орай, COVID-19 көптеген адамдардың өмірін жанап өткен қауіпті ауру.
ДДСҰ статистикасына сәйкес, бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша COVID-19 140 886 773 адамда анықталған, олардың 3 012 251 өмірден озған.

COVID-19 әр адамда әр түрлі өтеді. Алайда, көптеген адамдарда бұл ауру ауыр түрге айналып, айтарлықтай салдарға әкелуі мүмкін.

Көптеген адамдардың вакцинациясыз да ауруды жеңе алатындығына қарамастан, ауруды ауыр түрде өткізу қаупі өте жоғары. Сондықтан да вакцинация адамдардың барлық топтарын қорғап, аурудың ағымын жеңілдете алады.

38.jpg


Аурухана серіктестері