Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Менің сүйікті дәрігерім, рақмет!

  19.03.2021
Бүгін біз Сіздермен Президенттік клиниканың пациент терінің бірінің алғысымен бөлісеміз:

“Құрметті Валерий Васильевич!

Сізді және Сіз басшылық жасап отырған ұжымыңызды келе жатқан «22- наурыз-Жаңа Жыл» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасының алға қойған міндеттерін орындау жолында сіздрге қажымас-талмас қайрат, табысты еңбек тілеймін!

Менің мереке қарсаңында ерекше тоқталып кеткім келіп отырғаным, бізді, кейінгі уақыттарда Сіз басшылық жасап отырған ұжымда ұлттық- идеологиялық түсінігі мол, өз міндеттеріне терең бойлап жұмыс істейтін дәрігерлердің ауыруымызды сейілтіп науқастардың сауығып кетулеріне қолда бар мүмкіндіктерін толық және кіршіксіз атқарулары.

Мен мұндай мамандарыңыздың қатарына, «Қалыпқа келтіру емі және оңалту Орталығының» төмендегі дәрігерлерін:
  • Мәдинат Амантайқызы Жүнісова - орталық жетекшісі,
  • Кулмира Амантайқызы Жакенова – үйлестіруші дәрігер,
  • Дүзельбаева Бақытгүл Темірбековна –реабилтолог дәрігер,
  • Жанат Шәріпқызы Қазыбаева – инемен емдеу дәрігері,
  • Қалиева Айжан Тоқанқызы – эрготерапия мейірбикесі,
  • Жансейіт Нұрбек - емдік дене шынықтыру нұсқаушысы,
  • Қаргин Еркін – бассейндегі нұсқаушын
жатқызбақпын.

Үстіміздегі жылдың ақпан айындда мен ауырып «Иықтың басқа зақымдануы» диагнозымен, тағайындалған физикалық емдерді:
  • жеке емдік дене шынықтыру,
  • иық буынының белсенді-пассивті дамуы,
  • иық белдеуінің бұлшық еттерін нығайту емдік шараларын қабылдадым.
Мен емделіп жүрген сәттерімде, әсіресе бөлімше жетекшісі Мәдинат Амантайқызы Жүнісованың және үйлестіруші дәрігер Кулмира Амантайқызы Жакенованың жалпы жағдайға түбегейлі көңіл аударып, оған алаңдаушылық жасап, өз мамандарымен кеңесе отырып нақтылы да ашық жағдайда орындаған инабатты іс – шараларына өте ризашылық сезімдемін.

Мен әсіресе алғашқы сәттен бастап денсаулығымдағы проблемалық детальдарды зерттеп-саралап, емделуіме тұрақты тұрде кеңес беріп отырған реабилтолог дәрігер Дүзельбаева Бақытгүл Темірбековнаны ерекше құрметпен атап өтемін!

Құрметпен, «Құрмет» орденінің иегері, зейнеткер
Өмірбай Әбәйділдин”

Автордың емлесі мен тыныс белгілері сақталған.

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

благодарность-20.png


Аурухана серіктестері