Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Oncomine тақтасы немесе «матрицадағы» ақауды қалай анықтауға болады

  17.03.2021
Қатерлі ісіктің дамуы - көптеген факторларға байланысты жүретін процесс. Бұл адамның тамақтануының нәтижесі, қолайсыз қоршаған ортаның әсері және ағзаның өзінің бейімділігі.

Егер алғашқы екі фактіні анықтай алсақ, генетикалық мутацияны табу оңайға соқпайды.

Бақытымызға орай, бүкіл әлемдегі ғалымдар бұл мутацияны іздеуде. Олар мутацияға бейім және қатерлі ісік ауруының дамуына әкелетін барлық гендердің толық мәліметтер базасын жинады.

Дегенмен оларды қалай табуға болады?

Әр генді жеке-жеке іздеуге болады. Бірақ бұл көп уақытты қажет етеді және өте қымбатқа түседі.
Сондай-ақ, Oncomine-ді пайдалануға болады. Бұл әдіс бірден 161 генді қарап, пациенттің барлық белгілі мутацияларын анықтауға мүмкіндік береді.

Oncomine гендерді талдайды және келесі органдардағы онкологияның бар-жоғын анықтайды:
  • Қуық
  • Сүт бездері
  • Тоқ ішек
  • Эндометрия
  • Өңеш
  • Бас және мойын
  • Бүйрек
  • Бауыр
  • Қуықасты безі
  • Қалқанша безі
Сондай-ақ, қатерлі ісіктің келесі түрлерін анықтайды:
  • Асқазанның қатерлі ісігі
  • Қарын-ішек стромалы қатерлі ісігі
  • Глиобластома
  • Меланома
  • Мезотелиома
  • Өкпенің ұсақ жасушалы емес қатерлі ісігі
  • Остеосаркома
  • Аналық бездің қатерлі ісігі
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі
  • Терінің базальдық жасушалық карциномасы
  • Өкпенің ұсақ жасушалы қатерлі ісігі
  • Жұмсақ тіндердің саркомасы
  • Аталық бездің қатерлі ісігі

44.png


Аурухана серіктестері