Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Ядролық медицина және банктерді тонау туралы фильм

  10.02.2021
Америкалық фильмдердегі банк қарақшыларының ақшаға толы сөмкелерін ашып жатқанда тұзаққа түсіп қалатындары естеріңізде ме? Сол сәтте жалған ақша жарылып, айналасына бояу шашып, ол бояу қарақшыларға да белгі салып қоятын.

Бұл әдіс 1965 жылы АҚШ-та банк қарақшыларымен күресу үшін ойлап табылған екен.

Мұның ядролық медицинаға қандай қатысы бар?

Бұл тұзақ ядролық медицинадағы диагностика принципіне ұқсас.

Логикасы қарапайым:
1. Кез-келген затты немесе «ақшаны» жылтырайтын нәрсемен бояу керек;
2. Оны ағзаға енгізу;
3. «Ақшаның» дененің қай бөлігінде жиналатынын бақылау.

«Ақша» жиналатын орындар - бұл рентген, КТ немесе МРТ сияқты қарапайым әдістерді қолдану кезінде табу қиынға соғатын аурулар.

Бұл әдіспен ісік пен оның метастаздарының шоғырланған орындарын, Альцгеймер ауруы және басқа да деменцияларды, бас миының қан ағымының бұзылуын, жүрек және басқа да көптеген мүшелердің ауруларын анықтауға болады.

Осылайша, мысалы, денедегі обыр жасушаларының шоғырын табуға болады.

Обыр жасушаларын табу үшін, дәрігерлер глюкоза молекулаларына «бояу» қосады.

Денеге енгеннен кейін боялған глюкоза бірден ми, бүйрек және обыр жасушалары сияқты орындарған түседі.

Глюкозаны арнайы радиоактивті фармацевтикалық затпен «бояйды». Глюкоза 18-фтордезоксиглюкозға (18F-FDG) айналады. Денеге енгеннен кейін «боялған» глюкоза дәрігерлер ПЭТ/КТ көмегімен оңай анықтайтын аздаған энергия бөледі. Нәтижесінде дәрігерлер ісіктің қай жерде орналасқанын көре алады.

Бұл әдістің өзіндік қауіптері де жоқ емес, дегенмен алынған пайдасы, атап айтқанда, ауру туралы ақпарат соған тұрарлық. Бұл жағдайда радиоактивті фармацевтикалық заттарды қолдану орынды, өйткені келетін қауіп төмен, бірақ ПЭТ/КТ кезінде алынған ақпарат баға жетпес болып саналады. Осы ақпарат арқылы дәрігерлер емдеу тактикасын жақсартып, науқастың өмірін сақтап қалады.

74.png


Аурухана серіктестері