Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дәрігер Кенжинаның күлімдеген күлкісі

  30.01.2021
Бүгін біз Президенттік клиниканың дәрігер-терапевті Тұрар Кенжина туралы әңгімелейміз.

Тұрар бізге өзінің отбасы және ауруханадан тыс уақытты қалай өткізгенді ұнататындығы жайлы туралы айтып берді:

«Менің отбасым кішкентай да, үлкен де емес: менің үш балам бар. Жолдасым - дәрігер-анестезиолог. Үлкенім де медицина саласын таңдады, ол - хирург. Келінім - эндокринолог. Сондықтан да біздің отбасымызда әрдайым дұрыс тамақ, дұрыс тамақтануды таңдаймыз, жүгіреміз.

Біздің үйде әрқашан медицина рухы бар. Балалар осы атмосферада өсті. Менің ойымша, ұлымның медицинаға барудан басқа амалы да болмады. Ол қазір есіне алып, былай дейді: «Сен студент болған кезіңде ішіңде жатып дәрістерді тыңдадым, одан басқа қайда баруым керек?»

Мен бос уақытымды отбасыммен өткізгенді ұнатамын, өйткені басқа медицина қызметкерлері сияқты жас кезімізде жолдасымыз екеуіміз тәуліктеп жұмыс істедік, кезекшілікте жүрдік. Балаларды ата-әжелеріне қалдырып кететінбіз. Сондықтан да қазір мен бос уақытымды балаларыммен және немерелеріммен өткізуге тырысамын.

Ал егер жеке бос уақытым болса, мен мозайка суреттерін құрастырамын, тоқыма тоқимын. Мен ілмек бізбен, бізбен тоқығанды қатты ұнатамын. Мен кішкентай, бірақ керемет қолөнер дүниелерін жасаймын.

Біз белсенді демалуды жақсы көреміз: жүгіру, тауларға өрмелеу, сүңгу. Әрине, бұл біз қалағандай жиі бола бермейді, бірақ тырысамыз. Мысалы, қазір ауа-райы жақсы, серуендеуге немесе жүгіруге болады».

Біз Тұрардан неліктен дәрігер болғысы келгендігін сұрадық. Бәрі бала кезінен басталған екен:

«Ата-анам қандай мамандықты таңдасақ та, адамдарға пайдалы болуға үйретті. Ата-анамның сөздері менің қазіргідей адам болып қалыптасуыма әсер етті деп ойлаймын.

Жалпы, мен кішкентай кезімнен дәрігер болатынымды білдім. Бұл жөнінде ешқандай сұрақ та болмады: Мектепті бітірдім, оқуға түстім, енді маман ретінде қалыптастым.

Балалық шағымда біздің отбасымызда фельдшер тұрды: ол кісі біздің елді мекенге жұмыс істеуге келген. Ол кісіге қалай қарайтыным есімде: оның ақ халаты, биксі, дәрі-дәрмектің иісі. Басқа балаларға бұл иіс ұнамайтын, маған керісінше ұнайтын: мен сонда жүретінмін. Осы бейне менің жадымда сақталып қалыпты. Содан кейін мен ол сияқты дәрігер боламын деп ойладым».

Тұрар өзінің ұраны туралы айтып отырып, былай деп қосты:

«Мен табысты болғысы келетін барлық адамдардың өз денсаулығына деген сондай көзқарасы болуы керек деп санаймын.

Егер адам сау болса, оның денсаулығы да, көңіл-күйі де жақсы болады. Ал жағымды ойлар адамды жетістікке жетелейді. Біреу айтқан екен: «Қандай нәрсе екені маңызды емес, оған деген сенің көзқарасың маңызды».

Сондықтан мен өз ортамда және отбасымда жағымды нәрсе жасауға тырысамын. Жұмыста да бұл өте маңызды, себебі көңіл-күйі түсіп келген науқастың, аз да болса көңілін көтеріп қою керек. Науқас өзі тырысса, бәрі жақсы болатынына, бәрі қалпына келетініне сенімді болуы керек».

улыбка врача-15.png


Аурухана серіктестері