Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дәрігер Лидің күлімдеген күлкісі

  21.01.2021
Бүгін біз Президенттік клиниканың хирург дәрігері Антон Ли туралы әңгімелейтін боламыз.

Антон - спорттың адамы: ол каратеден 1-ші данның қара белбеу иегері, жазғы және қысқы белсенді спорт түрлерімен айналысады, жаттықтыру залына барады және үнемі жүгіреді.

«Жалпы, ата-анамның арқасында бала кезімде спорт арқылы тәртіпке үйрендім: мен шығыс жекпе-жегімен айналыстым және каратеден 1-ші данның қара белбеуіне дейін жеттім. Мені алғаш 7 жасымда әкем ертіп апарған еді. Нәтижесінде 12 жыл бойы күнделікті шығыс жекпе-жегімен айналыстым.

Әрине, қиын болды, бірақ уақыт өте келе үйреніп, қызығушылығым арта түсті. Ал нақты нәтижелерге қол жеткізгенде, рахат алғаннан басқа, жеткен жетістіктеріңе қанағаттана бастайсың».

Спорттағы тәжірибесін еске түсіре отырып, Антон өзінің мамандық таңдауы туралы айта бастады:

«Каратемен айналысуым болашақта үнемі тәртіп, қатаңдық және орындаушылықты қажет ететін хирург мамандығын таңдауға әсер еткен шығар. Оң нәтижеге қол жеткізу - жұмысқа деген мотивация: операция сәтті өткенде, науқас қалпына келгенде, сіз өз жұмысыңыздан ләззат аласыз».

Мамандық туралы біраз сөйлескеннен кейін, Антонның белсенді демалыс кезінде, әсіресе шаңғымен сырғанау кезінде басынан кешірген ең қауіпті оқиғасы туралы сұрадық. Барлық шаңғышылар сияқты, оның да осындай оқиғасы бар екен:

«Ең қауіпті жағдай, әдеттегі жағдайлар сияқты орын алды: бастапқы, енді-енді үйреніп жүрген кезде емес, кейінірек болды. Бұл бәрін үйреніп, өзіңе деген сенімділігің артқан сәтте болады екен.

Бір рет мен өз күшімді асыра бағалап, еш дайындықсыз, жол бағытын білместен, биік таудан түспекші болдым. Шаңғышылар үшін әдеттегі жағдай орын алды: таудан құлап, тоқтай алмай, орманға бірақ кірдім. Менің жолым болып қатты зардап шеккен жоқпын, бірақ мен одан әрі қарай түсе алмайтынымды түсіндім. Еріктілердің, құтқарушылар мен тәжірибесі мол шаңғышылардың арқасында мені таудан көтеріп алып шықты десек те болады.

Сол кезде мен өзіңізді асыра бағалаудың қажеті жоқ екенін және кез-келген істің барлық кезеңдерінде абай болу керек екенін түсіндім. Операциялық бөлмеде де бұл ұстаным өте маңызды: операцияны қаншалықты жиі жасасаңыз да, әрқашан сақ болу керек».

Антон өзінің ұраны туралы айтып, күлді:

«Бұл қарапайым ереже болса да, тиімді. Әрбір іске жауапкершілікпен қарау керек, бар күш-жігерді барынша жұмсауға тырысу керек және кез келген іске салғырт қарауға болмайды».

улыбка врача-14.png


Аурухана серіктестері