Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дәрігер Түсіпбаевтың күлімдеген күлкісі

  08.01.2021
Біз бүгін дәрігер-эндоскопист, Президенттік клиниканың эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Арсен Түсіпбаев туралы әңгімелейтін боламыз.

Біз дәрігердің кабинетіне кіріп келгенде, ол кісі демалыс кезіндегі суреттерін қарап отыр екен. Арсен Исенгельдинович бізге өзінің қызығушылықтары жайлы әңгімелеуді ойлап отырыпты. Дәрігердің қызығушылықтары жетерліктей болып шықты. Тіпті оның кейбірі жиі кездесе бермейді екен дерсіздер.

«Мен әрдайым белсенді демалыс түрлеріне қызығатынмын. Мен өзім елордамызға Өскемен қаласынан көшіп келгенмін, ондағы табиғат бұл жақтан өзгеше ғой. Мен демалыстың, хоббидің болсын қызықты түрлеріне қызығатынмын.
Осылайша бір күні өзіме металл іздегіш сатып алдым, бос уақытымда оны алып қызығушылықтарымыз ұқсайтын адамдармен бірге түрлі аудандарға барамыз. Біз алдын ала сол өлкенің тарихын зерттейміз, қараусыз қалған қоныстарды іздейміз, түрлі олжаларды табамыз.

Мысалы, біз патша заманының тиындарын табамыз: осы сәтте тиын қайтадан өмірге келгендей болады. Бір кездері ол бір адамның қолында жүріп, ұзақ сапар шеккен. Кенеттен ол тағы басқа адамның қолына түсіп, өз сапарын одан әрі жалғастырады.

Кейде әртүрлі бұйымдар, қолөнер бұйымдарын тауып жатамыз. Менің ойымша, бұл өте қызықты хобби. Әрине, бұл біраз уақытты және физикалық белсенділікті қажет етеді».

Бұл хобби оның келесі қызығушылығымен тығыз байланысты болып шықты:

«Маған жол талғамайтын көлікпен жаман жолдармен жүрген ұнайды. Бұрындары жарыстарға қатысқам, бірақ бұл спорттың қымбат түрі. Сондықтан, жол талғамайтын көлікті тек қазба жүргізгенде айдаймын.

Тағы бір хоббиім - желкен астында жүру. Менің желкенді катамараным болған, альбатрос 16. Оның уақыты өтіп кетті, қазір кішкене желкенді яхта сатып алдым, енді сонымен жүремін.

Маған кайтинг ұнайды, бірақ оған уақытымды аз бөлемін. Сондай-ақ, мен Қазақстан географиялық қоғамының мүшесімін. Бірақ, шынымды айтсам, мен өзім маңызды экспедицияларға қатысқан жоқпын. Бірақ біз экспедицияларды өзіміз ұйымдастырдық. Мысалы, қалмақтардың Жоңғарияға қайтып келе жатқандағы Шаңды жолымен Балқашқа бет алу».

Осы әңгімеден кейін, Арсен Исенгельдинович өзінің хоббиі мен саяхаты кездеріндегі түрлі суреттерін көрсетті. Ол сондай-ақ өзінің өмір сүру ұстанымы туралы айтып өтті, бәлкім осы ұстанымдар ол кісінің жоғарыдағы қызығушылықтарға деген құштарлығын оятқан шығар.

улыбка врача-12.png


Аурухана серіктестері