Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Радиожиілікті абляция немесе варикоз ауруынан жеңіл және жылдам жазылу жолдары

  26.01.2021

«Варикоз ауруы» деген не?

Бұл сұрақтың жауабын табу үшін, қанайналым жүйесіне тоқталып өту қажет.

Жүрек - бұл бүкіл ағзаға қан айдайтын орган. Қан жүректен шығып күретамырларға тарап, көктамырлар арқылы кейін қайтады. Қанның жүрекке оралуы өте маңызды.

Алайда, кейбір жағдайларда қан көктамырлардан «дұрыс өте алмай», сонда қалып түйінделіп қалады.

Варикозды емдеу қаншалықты маңызды?

Варикоздың өзі тікелей қауіп төндірмегенімен, адамға: аяқтардың шаршауы, ауырсынуы, ісінуі, теріасты көктамырларының кеңеюі сияқты жайсыздықтарды тудырады.

Алайда, варикоз аса қауіпті асқыну - тромбофлебитке әкелуі мүмкін.

Бұл тромбтың пайда болуына әкелетін тамырдың ішкі қабырғасының қабынуы. Тромб, өз кезегінде, тамырды жауып немесе өкпе артериясына түсіп кетуі мүмкін, бұл өте қауіпті.

Варикозды қалай емдеуге болады?

Консервативті және операциялық емдеу әдістері бар. Дегенмен, радиожиілікті абляция немесе РЖА пациент үшін ең тиімді және ыңғайлы болып саналады. 

Бұл әдіс варикозды тамырларды радиожиілік радиациясының көмегімен жояды. Бірнеше айдан кейін бұл тамыр дәнекер тініне «айналады» да, сізді мүлдем мазаламайтын болады.

Неліктен РЖА?

Бұл әдіс жоғары тиімділікпен, жайлылықпен, процедураның жылдамдығымен, минималды инвазивтілікпен және тез қалпына келу кезеңімен сипатталады.

Бұл дегеніміз:

  • Тамыр абляциясы кезінде қолайсыздықты және ауырсынуды сезбейсіз
  • Жылдам орындалады;
  • Тез қалпыңызға келесіз;
  • Тыртық қалмайды

РЖА-дан кейін қан айналымында не болады?

Варикозды венаның жанындағы тамырлар жүрекке қан айдау рөлін атқаратын болады.


Президенттік клиникада Сіз өз саласының мамандарынан варикозды тамырлардың жылдам және арзан радиожиілік абляциясынан өте аласыз!

Емшара құны 180 000 теңгені құрайды.

Толық ақпарат алу және емшараға жазылу үшін 8 (7172) 70-80-90 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласыңыз.

47.png


Аурухана серіктестері