Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиниканың ұйқы зертханасы

  08.12.2020

51%

бұл әлем халқының негізгі қажеттіліктен аз ұйықтайтын бөлігінің көрсеткіші

4%

осыншама адамдар ұйқының апноэ синдромынан зардап шегеді.

2-60

ұйқының обструктивті апноэ синдромы бар адамдарда ұйқы кезіндегі тыныс алуы осынша секундқа дейін тоқтайды.

Ұйқының обструктивті апноэ синдромы.

Ол не?

Бұл ұйқы кезінде жоғарғы тыныс жолдарының қабаттасу эпизодтары пайда болған кезде тыныс алудың біраз уақытқа тоқтап қалуына әкелетін синдром

Бұл эпизодтар ұйқы кезінде үнемі оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі және жүрек аритмиясының, миокард инфаркті, инсульт және ұйқы кезінде кенеттен қайтыс болу қаупін арттырады.

Бұл синдромды қалай тануға болады?

Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз мына белгілерді байқаса:

  • Қатты, үзік-үзік қорыл
  • Ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтатылуы
  • Тынышсыз, мазасыз ұйқы
  • Түнде жиі-жиі зәр шығару
  • Күндіз ұйқының келуі
  • Артериялық гипертония
  • Артық салмақ
  • Есте сақтау мен көңіл бөлудің төмендеуі

яғни, онда сізде бұл синдромның болуы әбден мүмкін.

Не істеуге болады?

Респираторлық мониторинг және полисомнография көмегімен тексерілу қажет.

Егер сізде осы синдром анықталған болса, ұйқыңыздың сапасын Авто-СИПАП-терапиясы жақсартады.

Президенттік клиниканың функциялық диагностика бөліміндегі Ұйқы зертханасының мамандары сізге немесе сіздің жақындарыңызға «құнды» ұйқыны қайтаруға көмектеседі.

Толық ақпарат алу және қабылдауға жазылу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласыңыз:

  • Call-орталық + 7 (7172) 70-80-90
  • Функциялық диагностика бөлімшесінің тіркеу бөлімі +7 (7172) 70-80-58

26.png


Аурухана серіктестері