Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Үздік тәлімгер-2020

  07.12.2020
Қазіргі қоғамда өз тәжірибесін басқалармен бөлісу, жас ұрпақты үйретіп баулу, құрметті болу және ұжымда сөзсіз беделге ие болу, яғни тәлімгер болу өте маңызды іс.

Президенттік клиникада тәлімгерлік жұмыс бүкіл ұйым жұмысының маңызды аспектісі болып табылады: тәжірибелі қызметкерлер әрқашан жаңа әріптестерін оқытуға және өз білімдерімен бөлісуге тырысады.

Өткен аптада емхана директорының орынбасары, Президенттік клиниканың бас тәлімгері Әлия Төлеуова Аурухана қызметкерлері арасында «2020 жылдың үздік тәлімгері» атағына байқау өткізді.

Байқау барысында 15 үміткер іріктеліп, үш жеңімпаз анықталды:
1 - орын — Сейтахметов Әсет, Көліктік қызмет көрсету бастығы, еңбек өтілі 10 жыл;
2 - орын — Ахмединова Ляззат, 1 хирургия бөлімінің аға мейірбикесі, еңбек өтілі 36 жыл;
3 - орын — Садуакасова Айгуль, Диагностика орталығының жетекшісі, еңбек өтілі 25 жыл.

Жеңімпаздар Президенттік аурухананың директоры Валерий Васильевич Бенбериннің атынан сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
 
Үміткерлер де назардан тыс қалған жоқ, естелік кәдесыйлармен марапатталды.
Байқау «Telegram» мессенджерінің жаңа онлайн-форматында өткізілді. Дауыс беруге Аурухананың 938 қызметкері, яғни ұжымның жартысынан көбі қатысты.

19.png

20.png

21.png

22.png

23.png




Аурухана серіктестері