Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Бүйрек тастары және қашықтан жасалатын литотрипсия

  03.12.2020

Медицинаның маңызды аспектісі - ғылыми прогресс екені белгілі. Диагностика мен емдеудің барлық жаңа әдістері  - бұл медицинаның осы немесе басқа да бөлімдеріндегі зерттеулердің нәтижесі болып табылады. Және де дәрігерлер -  өз тәжірибесіне, кәсібилігі мен біліміне сүйене отырып, осындай зерттеулерді жүргізетін адамдар екені белгілі.

Жақында біз Президенттік клиниканың уролог дәрігерлері Ерлан Еңсебаев пен Жақсыбай Байгаскиновтың жүргізген зерттеулері туралы әңгімелеген болатынбыз. Бүгін біз сіздермен "Тығыздығы жоғары бүйрек конкременттері бар пациенттердегі қашықтан жасалатын литотрипсия нәтижелері".деп аталатын дәрігерлердің тағы бір зерттеуімен бөлісеміз. 

Бүгін біз бүйрек тастары туралы және Президенттік клиникада жүргізілген зерттеулерді сөз ететін боламыз!

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

1.png

Бұл не?

Несеп-тас ауруы немесе НТА  - созылмалы және қайталанып отыратын ауру.

НТА кезінде адам:

  • Белінің ауырғанын
  • Бүйректің сұққылап ауырғанын
  • Несеп шығару кезіндегі ауырсыну және несеп түсінің өзгергенін
  • Жүрек айну, құсу, температура және жоғары қан қысымын, іштің кебуін сезінеді

2000-2015 жылдары Қазақстанда барлық урологиялық аурулар арасында НТА бірінші орында тұрды. 70 жастан асқан адамдар арасында әрбір сегізінші адам бүйрек тас ауруынан зардап шегеді.

Қалай емделеді?

Емдеу таңдауы -  әр пациент үшін қатаң  түрде жеке таңдалады. Дәрігерлердің «арсеналында»  қашықтан жасалатын литотрипсия емі  ерекше орын алады. Бұл әдіс бағытталған ультрадыбыстық толқындардың көмегімен тастарды операциясыз бұзып, үгітуге мүмкіндік береді.

Алайда, емдеу әдісі ретінде ҚЛТ таңдау үшін белгілі бір критерийлер болуы керек. Тастардың көлемі 2 см-ге дейін және тығыздығы 1000 HU-ға дейін болуы керек.

Соңғы зерттеулер басқа да сипаттамаларға, атап айтқанда, тастардың біртектілігін  назарға алу керек екендігін көрсетті.

Зерттеулер туралы

Президенттік клиниканың дәрігерлері бұл әдістің  тастардың тығыздығы жоғары, бірақ бір текті болмаған жағдайда тиімдігілі қандай болатындығын тексеруге шешім қабылдады.

Барлық 18 пациенттің өзін-өзі сезінуі айтарлықтай жақсарғандығы байқалды. Әр пациент 3 ҚЛТ сеансынан өтті.

Зерттеулер көрсеткендей, ҚЛT тастардың тығыздығы жоғары болған кезде де қолданылады. Бұл дегеніміз, көптеген пациенттер операция туралы ойламай-ақ, осы процедураны жасатуына болады деген сөз.

10.png


Аурухана серіктестері