Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

"Генетикалық патологияны диагностикалаудағы цитогенетикалық және молекулалық (ПТР) әдістер" тақырыбында шеберлік-класы

  18.11.2020
Қазіргі замандағы медицинада гендер  адам денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады. Генетикалық код аурудың негізгі себебі де, екінші фактор да болуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің игілігі үшін генетикалық ауруларды диагностикалаудың әртүрлі әдістерін зерттеу қисынды екені белгілі: егер дәрігер қандай проблема болып тұрғанын білсе, ол адамға көмектесе алады.

Осылайша, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасы базасында "Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы" АҚ қызметкерлері үшін "генетикалық патологияны диагностикалау кезіндегі цитогенетикалық және молекулалық (ПТР) әдістер" тақырыбында шеберлік-кластар өткізілді. Шеберлік-кластар 2020 жылғы 2-13 қараша аралығында өтті және шамамен 108 сағаттық оқуды құрады, оқу соңында барлық қатысушылар тиісті сертификаттар тапсырылды.
 
Оқуды жүргізгендер:
  • Гүлшара Әбілдинова, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының жетекшісі, жоғары санатты дәрігер-генетик, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
  • Анна Боровикова, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының дәрігер-генетигі, бірінші санатты дәрігер;
  • Жанна Жабакова, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының дәрігер-генетигі.

IG posts_BMC.png


Аурухана серіктестері