Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

Ұжыммен танысу және бейімделу: ҚР ПІБ МО ауруханасына жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу

  25.11.2025
Ұжыммен танысу және бейімделу: ҚР ПІБ МО ауруханасына жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасында жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін кездесу ұйымдастырылды. Бас тәлімгер Сәуле Дүйсебекқызы Кисикова жаңадан келген қызметкерлерге ұйымның құрылымы, миссиясы және корпоративтік құндылықтары туралы ақпарат беріп, арнайы дайындалған таныстыру материалдарын ұсынды. Кездесу 2025 жылғы 21 қазан мен 20 қараша аралығында қабылданған медициналық қызметкерлерге, сондай-ақ 1 қазан мен 25 қараша аралығында жұмысқа алынған әкімшілік-басқару, инженерлік-шаруашылық қызметкерлеріне арналды.

Директордың хирургия жөніндегі орынбасары Азат Сәлімұлы Шпеков медициналық этика мен деонтологияның негізгі қағидалары туралы дәріс оқып, кәсіби жауапкершілік пен пациенттерге деген құрметтің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар 22 шілде мен 21 тамыз аралығында сынақ мерзімінен өткен қызметкерлердің бейімделу кезеңінің нәтижелері талқыланды. Тәлімгерлер атқарылған жұмыстың қорытындысын баяндап, жаңа мамандардың кәсіби ортаға бейімделуі мен корпоративтік мәдениетке сіңісуіндегі маңызды тұстарына тоқталды. Сынақ мерзімін аяқтаған қызметкерлер де өз тәжірибесімен бөлісіп, бейімделу барысына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу ұжымдық ынтымақтастықты арттырып, корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етті. ҚР ПІБ МОА жоғары кәсіби стандарттарға сай мамандарды даярлау мен қолдауға бағытталған тәлімгерлік жүйені одан әрі жетілдіруді жалғастырады.




Аурухана серіктестері