Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында өзбекстандық дәрігерлер тағылымдамадан өтуде – бұл орталықтың халықаралық деңгейдегі беделінің айғағы

  11.09.2025
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында өзбекстандық дәрігерлер тағылымдамадан өтуде – бұл орталықтың халықаралық деңгейдегі беделінің айғағы

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығы - Орталық Азиядағы ең ірі әрі заманауи орталықтардың бірі. Мұнда халықаралық стандарттарға сай келетін озық технологиялар мен инновациялық фармацевтикалық препараттар белсенді түрде енгізілуде. Бүгінде орталықта 10 заманауи радиофармацевтикалық препарат қолданылады, олардың сапасы халықаралық JCI және JMP аккредитацияларымен расталған.

Орталықтың техникалық жабдықталуы - үлкен жетістік. Замануи цифрлық ПЭТ/КТ аппараты мен циклотрондық өндірістік кешен онкологиялық және басқа да ауруларды дәл диагностикалауға әрі тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінде орталық тарихында алғаш рет резиденттерді қабылдай бастады. Көршілес Өзбекстан мемлекетінен келген дәрігерлер орталық базасында тағылымдамадан өтуде. Бұл бірегей білім беру бағдарламалары мен клиникалық тәжірибеге шетелдік мамандар тарапынан жоғары қызығушылықтың бар екенін айқындайды.

Ядролық медицина саласында тәжірибесі мол сарапшылар: үш PhD докторы, бір медицина ғылымдарының докторы және оннан астам медицина магистрі білім беріп, мамандардың кәсіби дамуына үлес қосуда.

ҚР ПІБ МО ауруханасының Ядролық медицина орталығы - бұл білім, ғылым және жүйелі жұмыс, білікті тәжірибені ұштастырған мекеме. Мұнда ядролық медицина саласындағы ең күрделі түйіндерді шешуге атсалыса алатын халықаралық деңгейдегі мамандар дайындалады.

Тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы толық ақпарат алу үшін келесі нөмірге хабарласыңыз: +7 (7172) 70-79-52






Аурухана серіктестері