Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

ҚР ПІБ МО Ауруханасында тұмау маусымына дайындық мақсатында медицина қызметкерлері аттестациядан өтті

  04.09.2025
ҚР ПІБ МО Ауруханасында тұмау маусымына дайындық мақсатында медицина қызметкерлері аттестациядан өтті

ҚР ПІБ МО ауруханасында терапевт-дәрігерлер, хирургтар және мейірбикелердің қатысуымен тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындық және халықты жаппай вакцинациялауға байланысты қызметкерлерді аттестациялау өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - медициналық персоналдың профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге кәсіби дайындығын бағалау.

Аттестациялық комиссия құрамы:

Төлебаева Б. Г. – ПІБ МО санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының сарапшысы,

Тұңғышбаева Ж. О. – директор орынбасары,

Сатыбаева А. У. – алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің жетекшісі.

Комиссия қызметкерлердің тұмауды диагностикалау, алдын алу және емдеу, сондай-ақ вакцинацияны ұйымдастыру мәселелері бойынша білімін бағалады. Жиын қорытындысы бойынша біліктілікті арттыруға қатысты ұсыныстар айтылып, профилактикалық шараларды күшейту үшін басым бағыттар айқындалды.




Аурухана серіктестері