ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының Спорттық медицина орталығында жыл басынан бері үш жүзден астам пациент ем алды

ҚР ПІБ МО ауруханасында 2022 жылдан бері Спорттық медицина орталығы жұмыс істейді. Мұнда кәсіби спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын, тірек-қозғалыс жүйесінен жарақат алған адамдар емделеді. Орталық, сонымен қатар, Қазақстандағы спортшылар одағы және спорттық клубтармен Меморандум орнатқан.
Спорттық медицина орталығы меңгерушісінің сөзінше, Орталықта жыл басынан бері 310 пациент емделіп шыққан. Мұнда еліміз бойынша теңдессіз операциялар орындалады. Атап айтар болсақ, иық буындары шығып кеткен кезде толық Латарже артроскопиялық операциясы, яғни тұмсық тәріздес өскіннің транспозициясы жасалады. Мұндай операция еліміз бойынша тек біздің Ауруханада бар. Сондай-ақ былтыр қалпына келмейтін ротаторлық манжеттер жыртылған кезде жалпақ арқа бұлшықеттеріне трансфер жасау енгізілген.
«Біз Орталықты Травматология бөлімшесінің базасында аштық, кәсіби спортшыларды емдеумен айналысамыз. Қазақстанның спортшылар одағымен Меморандумға қол қойғанбыз. Яғни осы Одақ мүшелері біздің ауруханада тегін ем алады. Консультациядан бастап операцияға дейін қарастырылған. Сондай-ақ біз Қазақстанның және Астана қаласының спорттық клубтарымен де Меморандумға қол қойғанбыз. Біздің көмегімізге тізесінен, иығынан жарақат алған қарапайым тұрғындар да жүгінеді», - деп түсіндірді Спорттық медицина орталығының меңгерушісі, жоғары санатты травматолог-ортопед Асқар Баймухаметов.
Орталықта ем алған танымал спортшылардың қатарында Жансай Смағұлов, Шавкат Рахмонов, Санжар Адилов сынды спорт шеберлері де бар екенін айта кеткен жөн.