логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

ҚР ПІБ МО ауруханасында медицина қызметкерлері үшін ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өтті

  09.04.2025
ҚР ПІБ МО ауруханасында медицина қызметкерлері үшін ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өтті

ҚР ПІБ МО ауруханасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті және «Кибер шабуылдарды талдау және тергеп-тексеру орталығы» компаниясы өкілдерінің қатысуымен «Дәрігерлер мен орта медициналық персонал үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, конфиденциалды ақпаратты таратпау және цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану» тақырыбында семинар өтті. 

Семинар барысында «Дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздік саласын дамыту бойынша негізгі тәсілдер», «Дербес деректерді, оның ішінде медицинада қорғау» сияқты маңызды тақырыптар қаралды.

Қатысушылар тәжірибелі мамандардан құнды білім мен практикалық ұсыныстар алды.

Ұйымдастырушылар спикерлер киберқауіпсіздікті дамыту басқармасының бас сарапшысы – Ақжарқын Бақдәулетқызы Советхановаға, ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректерді қорғауды дамыту басқармасының бас сарапшысы – Дана Берденқызы Мұқанбедиеваға, сондай-ақ «Кибер шабуылдарды талдау және тергеп-тексеру орталығы» компаниясының киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы – Диас Қуанышұлы Әбдіғазизовқа және барлық қатысушыға белсенді қатысқаны, жан-жақты талқылау үшін ризашылығын білдіреді.

Алынған мәлімет ақпараттық қауіпсіздік саласындағы хабардарлық пен қорғалу деңгейін арттыруға ықпал етеді.


Аурухана серіктестері