логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Жетісу облысына іссапары аяқталды

  10.12.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Жетісу облысына іссапары аяқталды

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлері Жетісу облысындағы іссапарды аяқтап, 7 операция жасап, 65 кеңес берді, сондай-ақ 7 презентация, 6 шеберлік сағатын өткізді.

Атап айтсақ ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмологі, №5 хирургия бөлімінің меңгерушісі Аян Әбдірахманов облыстың 5 тұрғынына күрделі операция жасап, 6 тұрғынға дәрігерлік кеңес берді. Сонымен қатар профессор өңірдегі мамандарға «Жүрек ырғағы күрделі бұзылыстарының радиожиілікті абляциясы» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, презентация жасады. Оған 10 аритмолог-дәрігер мен кардиолог қатысты.

Аурухананың бас аллерголог-иммунологі, Аллергология орталығының меңгерушісі Ғалия Түсіпбекова Талдықорған қалалық емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевтер, аллерголог пен пульмонолог-дәрігерлерге «Дәрілік аллергия» және «Гиперэозинофильдік синдром» тақырыптарына презентация жасап, оған 18 адам қатысты. Сонда-ақ аллерголог-дәрігер өңір тұрғындарын қабылдап, 27 пациентке дәрігерлік кеңес берді.

ҚР ПІБ МО ауруханасының Кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Әлібек Тойбаев, анестезиолог-реаниматолог Ғибарат Маданиев және перфузиолог-дәрігер Жәнібек Аширов «Жүректің алдыңғы қарыншааралық артериясын қысқа жолмен маммарокоронарлық шунттау» және «Алдыңғы қарыншааралық артерияны және оң жақ коронарлық артерияны шағын жолмен аортокоронарлық шунттау» бірегей операцияларын сәтті жасап шықты.

Сонымен қатар кардиохирургиялық бригада дәрігерлері бір өкпелік интубация жүргізуді, шағын жол арқылы жасалатын операциялардан кейін қабырғааралық нервтердің блокадасын және УДЗ бақылауымен қантамыр және тамырға қол жеткізу техникасын көрсетті. 

Клинико-фармакологиялық бөлім меңгерушісі Алтын Нұрпеисова Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында 3 тақырыпта презентация жасап, оған жалпы саны 63 маман қатысса, Дербестендірілген геномдық диагностика бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Гүлшара Әбілдинова медициналық-генетикалық консультация жұмысымен танысып, өңірдегі ақ халаттыларға дәріс оқыды, 20 дәрігерге, атап айтсақ, генетик, акушер-гинеколог және неонатологтарға презентация жасады. Сондай-ақ ұрықтың дамуында ақау бар 8 жүкті әйелді қабылдап, кеңес берді.

Іссардың үшінші күні реабилитолог-дәрігер Эдуард Варушкин Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында физикалық оңалту, PNF әдісімен кинезотерапия базалық курсын өтіп, оған 14 медицина маманы қатысты. Сонымен қатар дәрігер 6 пациентті қабылдап, дәрігерлік кеңес берді.

Анестезиолог-реаниматолог Саят Бикибаев ультрадыбыстық навигация негіздері, eFast хаттамасы және blue хаттамасы бойынша 3 шеберлік сағатын өткізіп, оған 15 адам қатысса, эпилептолог-дәрігер Дархан Қимадиевтің «Эпилепсияны хирургиялық жолмен емдеу және оған дейінгі диагностика» тақырыбындағы дәрісіне 15 невролог және эпилептолог-дәрігер қатысты. Сонымен қатар ол өңірдегі 20 науқасты қабылдағанын атап өткен жөн. 


Аурухана серіктестері