логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Жетісу облысына іссапары басталды

  02.12.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Жетісу облысына іссапары басталды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының кезекті сапары 2-6 желтоқсан аралығында Жетісу облысында жалғасады.

Іс-шараның басты мақсаты – денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін бөлісіп, тәжірибе алмасу, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Делегация құрамында JCI, ISO, GLP, GMP (аллерголог, травматолог-ортопед, реабилитолог, аритмолог, эндокринолог, генетик, гастроэнтеролог, реаниматолог, кардиохирург, нейрохирург, онкохирург және т.б.) халықаралық стандарттарымен аккредиттелген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері болады.

Аурухананың білікті мамандары өңірдеу емдеу мекемелерінде халықты қабылдау, кеңес береді. Сонымен қатар Талдықорған қаласының емдеу мекемелері базасында дәрістер, семинарлар мен практикалық шеберлік сағаттары жоспарланғанын айта кеткен жөн.


Пациенттерді қабылдау кестесі:

2 желтоқсан күні

Облыстық перинаталдық орталықта пациенттерді қабылдау:

● 14:00-18:00 - генетик-дәрігер Гүлшара Жүсіпқызы Әбілдинова

Облыстық кардиологиялық орталықта қабылдау:

● 16:00-18:00 – аритмолог, профессор Абдрахманов Аян Сүлейменұлы.

 

3 желтоқсан күні

Облыстық кардиологиялық орталықта пациенттерді қабылдау:

● 16:00-18:00 - аритмолог, профессор Абдрахманов Аян Сүлейменұлы.

 

6 желтоқсан күні

Талдықорған қалалық емханасында пациенттерді қабылдау:

● 10:00-16:00 – аллерголог Түсіпбекова Ғалия Марксқызы.

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында пациенттерді қабылдау:

● 11:00-18:00 – эпилептолог Кимадиев Дархан Байжанұлы.

 

Ескерту! Дәрігер қабылдауына жазылу үшін өңірдегі медициналық мекемелердің тіркеу бөліміне (call-орталық) қоңырау шалу қажет.


Аурухана серіктестері