Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Құрамында Аурухана дәрігерлері ойнаған Медорталық командасы шағын футболдан чемпион атанды

  26.08.2024
Құрамында Аурухана дәрігерлері ойнаған Медорталық командасы шағын футболдан чемпион атанды

Астана қаласындағы Жас Батыр спорт кешенінде ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ұйым қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

Өзі қызмет етіп жүрген мекеменің намысын қорғауға Медициналық орталық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Әкімшілік ғимараттар дирекциясы, Автошаруашылық, Инженерлік-техникалық орталық, «Бүркіт» әуе компаниясы, «Бурабай-Даму» кәсіпорны, Қазқұрылыс жүйесі, ҚР Президентінің Телерадиокешені және Іс Басқармасының орталық аппараты қызметкерлері шығып, өзара кім мықтыны анықтады.

Финалда 11 команда ішінен суырылып шыққан Медициналық орталық пен Телерадиокешеннің аяқдоп шеберлері бас жүлдеге таласып, құрамында Аурухана қызметкерлері ойнаған ҚР ПІБ Медорталық командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Үшінші орынды Әкімшілік ғимараттар дирекциясы иеленгенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар ҚР ПІБ МО ауруханасы Нейрохирургия бөлімшесінің  меңгерушісі, нейрохирург-дәрігер Әскербек Сәдуақасов «Үздік қақпашы» атанды.

Әріптестерімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!


Аурухана серіктестері