Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Павлодар облысындағы екінші күні: 5 операция, 36 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс

  03.04.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Павлодар облысындағы екінші күні: 5 операция, 36 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Павлодар облысындағы сапардың екінші күнін сәтті қорытындылады.  

Аурулардың алдын алуда диагностикалау, заманауи әдістерімен бөлісу, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, күрделі операциялар жасаудағы жаңаша әдістермен бөлісу мақсатындағы іссапардың екінші күнінде Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің гинеколог дәрігері Әділ Адрешев екі субтотальды гистерэктомия және бір цистэктомия бойынша барлығы  3 операция жасады. Оториноларингологиялық хирургия бөлімшесінің оториноларинголог дәрігері Дмитрий Когай дауыс желбезегінің бір жақты парезіне инъекциялық ларингопластика және эндоскопиялық полисинусотомиядан 2 күрделі операцияны сәтті өткізіп, «Көмей парезі», «Көмей микрохирургиясы» және «Обструктивті ұйқы апноэ синдромы хирургиясы» тақырыптарында 8 өңір әріптесіне 3 дәріс оқыды.

Бұдан бөлек, Аурухананың бас офтальмологі Мадина Құрманғалиева глаукомамен зардап шегетін 13 тұрғынды қабылдады және «Глаукоманы хирургиялық емдеудің қазіргі тенденциялары» тақырыбында 40 офтальмолог дәрігерге дәріс оқыды. Эпилептолог дәрігер Жасұлан Утебеков 13 тұрғынға дәрігерлік кеңес жүргізіп, 2 жергілікті әріптесіне шеберлік сабағын өткізді. Ал эпилептолог Дархан Кимадиев медициналық мекемеде 9 тұрғынға және кезбе жүйкесінің стимуляторын бағдарламалау бойынша үй жағдайында тағы бір науқасқа дәрігерлік кеңес жүргізді.

Сонымен қатар іссапардың екінші күні ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева 34 медицина қызметкеріне шеберлік сабағын өткізсе, Емхана бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Сатыбаева «Аурухананың амбулаториялық қызметінің заманауи мүмкіндіктері. Сһеск-up бөлімшесінің жұмысы» тақырыбында  15 офлайн, 30 онлайн адамға дәріс оқыды. Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Бауыржан Бабашев 12 өңірдегі әріптесіне шеберлік сабағын өткізді. 





Аурухана серіктестері