Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының травматологі күрделі сынықтан кейін науқас қолының қозғалғыштығын сақтап қалды

  01.11.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасының травматологі күрделі сынықтан кейін науқас қолының қозғалғыштығын сақтап қалды

ҚР ПІБ МО ауруханасында күрделі және бірегей операциялар жиі және тұрақты негізде жүргізіледі. Тағы бір сәтті жүргізілген күрделі травматологиялық операцияның ерекшелігіне тоқталайық.

Науқас көшеде құлап, оң қол кәрі жілігінің басы ұсақталып сынған.

Кәрі жілік басы шынтақ буынының жанында орналасқан. Оның негізгі қызметі – білекке айналмалы қозғалыстарды қамтамасыз ету (алақанды жоғары-төмен қозғау). Кәрі жілік басының сынуы негізінен шынтаққа құлаған кезде немесе алақанға созылған, сәл бүгілген қолға құлаған кезде пайда болады. Оның сынуы буынішілік сынықтарға жатады, сондықтан диафиздің сынуымен (сүйектің ортаңғы үштен бір бөлігі) салыстырғанда көбірек назар аударуды қажет етеді.

Басқа ауруханада науқасқа кәрі жіліктің басын алып тастау ұсынылды, бұл науқастың қолының толық жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Науқас бұл операциядан бас тартып, жарақатын емдеудің басқа балама әдістерін іздей бастаған.

ҚР ПІБ МО ауруханасында травматолог дәрігер Әнуарбек Құлшаров науқасқа қолдың толық жұмыс қабілеттілігін қайтаруға мүмкіндік беретін кәрі жіліктің басын эндопротездеу операциясын ұсынды.

– Кәрі жілік басының ұсталған сынықтарын хирургиялық емдеудің екі әдісі бар – кәрі жілік басының сынықтарын бекіту (остеосинтез) немесе кәрі жілік басының эндопротезі. Кәрі жілік басының эндопротезі ұсақталып сынғанда, ескірген сынықта (жарақаттан кейін 3 аптадан астам), ерімеген сынықта және кәрі жілік басы пішінінің өзгеруінде көрсетілген. Бұл күрделі, бірақ өте тиімді операция, өйткені ол науқастың қолының қозғалғыштығын ішінара немесе толығымен шектей алатын кәрі жілік басын немесе остеосинтезді алып тастау операциясынан айырмашылығы науқасты толыққанды өмірге қайтарады, – деп түсіндірді травматолог дәрігер Әнуарбек Құлшаров.

Кез келген хирургия сияқты, бұл операция жарақаттан соң толық әрі сәтті қалпына келтіру үшін науқастың дәрігер ұсыныстарын қатаң сақтауды талап етеді.

Барлық науқасқа бұл патологияны кеш немесе дұрыс емес емдеу күнделікті өмір сапасына теріс әсер ететін немесе белгілі бір асқынуларға әкелуі мүмкін екенін еске салу маңызды.




Аурухана серіктестері