Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Health is Here» - шетелдік пациенттер үшін ең жақсы шешім

  26.10.2023
«Health is Here» - шетелдік пациенттер үшін ең жақсы шешім

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы – Қазақстан халқына, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік пациенттерге жоғары білікті медициналық көмек көрсететін Қазақстанның озық ауруханасы.

Шетелдік медициналық туристерге көмек көрсету үшін Аурухана қызметінде «Health is Here» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама шетелдік медициналық туристердің Ауруханаға келуін және олардың барлық қажетті қызметтерді толық алуын ұйымдастырады, атап айтқанда: шетелдік пациенттерді Ауруханада алып жүру, трансферді қамтамасыз ету түрінде қосымша сервистік қызметтер көрсету, тұрғынжай ұйымдастыру және барлық емшараларды үйлестіру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген және JCI халықаралық стандарты бойынша үш рет аккредиттеуден сәтті өткен, бұл көрсеткіш – сапаның «алтын стандарты», сондай-ақ Аурухана қызметі ең алдымен пациент қауіпсіздігіне бағытталғанын білдіреді.

«Health is Here» бағдарламасының нәтижесінде жыл басынан бері Ауруханада тек жақын шет елдерден ғана емес, Қытай, Түркия, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Канада, Израиль, Хорватия, Италия, БАӘ және әлемнің басқа да дамыған елдерінен 400-ден астам медициналық турист емделді.


Аурухана серіктестері