Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы Астана медициналық университетімен бірлесіп BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен меморандумға қол қойды

  18.10.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасы Астана медициналық университетімен бірлесіп BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы және Астана медицина университеті мен BGI Genomics (ҚХР) компаниясы арасында ынтымақтастық және әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды. Аурухананың атынан қол қоюға ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев, Астана медицина университетінің атынан Басқарма төрағасы Камалжан Надыров қатысты.

Қол жеткізілген келісім Қазақстанда ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Астана медицина университеті базасында геномдық зерттеулер институтын құруды көздейді. Геномдық зерттеулер институтының қызметі әлеуметтік маңызы бар аурулардың кең спектрін диагностикалау мен емдеуде геномдық технологияларды әзірлеуге, енгізуге және жетілдіруге, сондай-ақ қазақстандық генетик дәрігерлерді оқытуға бағытталатын болады.

BGI Genomics (ҚХР) компаниясы геномдық зерттеулер институтын құру үшін қажетті жарақтандыруды ұсынады, қажетті кадрларды Қытайда да, Қазақстан Республикасында да өз базасында оқытады.

Өз кезегінде ҚР ПІБ МО ауруханасы осы саладағы зерттеулер үшін дайын алаң ұсынады. ҚР ПІБ МО ауруханасында 2018 жылдан бастап заманауи дербестендірілген геномдық зертхана табысты жұмыс істейді. Жетекшісі м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ штаттан тыс бас генетигі Гүлнар Әбілдинова. Бөлімше заманауи жабдықтармен (секвенатор, амплификатор және т.б.) жабдықталған және тұқым қуалайтын, онкологиялық генетикалық патологияны диагностикалауда қызметтердің кең спектрін ұсынады. Мұнда зерттеудің жаңа түрлері белсенді түрде енгізілуде, бүгінгі таңда 54 зерттеу жасалған.

Аспан асты елімен ынтымақтастық Қазақстандағы генетикалық зерттеулердің диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, жабдықты тікелей өндірушіден жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пренатальды скринингтің контингенттік моделін енгізуге, орфандық аурулардың детекциясын жақсартуға, сондай-ақ осы салада ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.


Аурухана серіктестері