Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасына «Siemens Healthcare GmbH» компаниясының өкілдері келді

  09.10.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасына «Siemens Healthcare GmbH» компаниясының өкілдері келді

Бүгін ҚР Президент Іс басқармасы мен «Siemens Healthcare GmbH» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық көзделуде. Оның ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығында диагностикалық бейнелеуге арналған заманауи терапиялық жүйелер мен жабдықтар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы болған Siemens Healthineers референс орталығын құру мақсаты бар.

Меморандум медициналық орталықтың клиникалары үшін диагностиканың озық инновациялық әдістеріне қол жеткізудің, халық үшін сапалы инновациялық медициналық қызметтердің қолжетімділігіне талдау жүргізудің, мамандардың біліктілігін арттырудың және ғылыми жұмыс жүргізу деңгейінің қосымша мүмкіндіктерін ашады.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін компания өкілдерінің делегациясы ҚР ПІБ МО ауруханасына болып, Ядролық медицина орталығы, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография бөлімшесі, сондай-ақ рентген-хирургия бөлімшесінің жұмысымен танысты.





Аурухана серіктестері