Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасындағы несепағардың лапароскопиялық реимплантациясы (несепағарды трансплантациялау)

  09.10.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасындағы несепағардың лапароскопиялық реимплантациясы (несепағарды трансплантациялау)

Несепағардың лапароскопиялық реимплантациясы (қайта көшіріп отырғызу) немесе лапароскопиялық уретероцистонеоанастомоз – бүйректен несеп ағымы бұзылған кезде несепағардың өтімділігін қалпына келтіру мақсатында жасалатын операция. Операция күрделі және жоғары технологиялық медициналық көмектің қатарына кіреді. Аурухананың уролог дәрігерлері мұндай операцияларды үздіксіз жасап келеді.

Төменгі несепағардың тарылуы хирургиялық жолмен емдеуді қажет етеді, себебі ол тарылу несепағар мен бүйректің құрылымдық-функционалдық күйі, ұзақтығы және деңгейімен сипатталады.

«Соңғы жағдайда біз жас науқасқа несепағардың тарылған төменгі бөлігін кесіп тастадық және оны қуықпен алдын ала белгіленген жерде тіктік. Нәтижесінде, біз табиғи зәр шығару үшін жоғары зәр шығару жолдарын қалпына келтірдік», – деді операция барысы туралы аурухананың №4 (Урология) бөлімшесінің меңгерушісі Бақтияр Қасымов.




Аурухана серіктестері