Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Аурухана дәрігерлерінің ғылыми зерттеулері ТМД елдеріндегі фотодинамикалық терапия мен фотодиагностиканың дамуына қомақты үлес қосуда

  03.10.2023
Аурухана дәрігерлерінің ғылыми зерттеулері ТМД елдеріндегі фотодинамикалық терапия мен фотодиагностиканың дамуына қомақты үлес қосуда

Мәскеуде фотодинамикалық терапия және фотодиагностика саласында жұмыс істейтін мамандардың, атап айтқанда онколог, рентгенолог, дерматолог, гинекологтердің басын қосқан және диагностика мен емдеудің заманауи, инновациялық әдістерін қолданудың өзекті мәселелеріне арналған «Фотодинамикалық терапия және фотодиагностика» атты XII халықаралық Конгресс өтті.

ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары, Қазақстан фотодинамикалық қауымдастығының басшысы Насрулла Шаназаров Конгрестің белсенді қатысушысы ретінде «ТМД елдеріндегі фотодинамикалық терапия» секциясын үлгіледі. Конгресс аясында аурухана дәрігерлері Жанар Әлмағамбетова, Сандуғаш Смайылова, Балжан Қалиева, Гүлмира Алдаберген өзекті тақырыптарды қозғап, 4 баяндама жасады.

Конгресс шеңберінде ТМД-да фотодиагностика және фотодинамикалық терапия бойынша жеке секцияның бөлінуі ТМД-да медицинаның осы маңызды саласының белсенді дамуын көрсетеді және онда Қазақстан фотодинамикалық терапия және фотодиагностика тақырыбында жарияланым саны бойынша көшбасшы орын алады, сондай-ақ халықаралық «scopus.com» порталына сәйкес әлем рейтингінде 160 елдің ішінде 66-орынға ие.

Конгресстің бірінші күнінде «Фотодинамикалық терапия» орталығының жетекшісі, м.ғ.д., профессор, аурухананың бас онкологі Насрулла Шаназаров «ТМД елдеріндегі ФД және ФДТ»  секциясына төрағалық етіп, «Онкологиядағы фотодинамикалық терапияның басым бағыттары» тақырыбында баяндама ұсынды, сондай-ақ тағы 3 баяндама бірлесіп жазды.

Мәскеудегі екі күндік Конгресс Обнинск қаласындағы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Радиология ҒМО» ФМБУ ұйымдастырған «Лазерлік және фотодинамикалық терапия: өзекті мәселелер, жетістіктер, инновациялар» атты II ғылыми-практикалық конференцияға біртіндеп ұласты, онда фотодинамикалық терапияның профессорлары мен негізін қалаушылар жиналды, соның ішінде қазақстандық фотодинамикалық қауымдастықтың жетекшісі, м.ғ.д., профессор Насрулла Шаназаров та бар.




Аурухана серіктестері