Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының Диабеттік аяқ орталығы

  14.09.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасының Диабеттік аяқ орталығы

Амбулаториялық-консультациялық қызмет, стационарлық бөлім және заманауи ангиографиялы операциялық бөлмеден тұратын ҚР ПІБ МО ауруханасының Диабеттік аяқ орталығы өз жұмысын ағымдағы жылдың қаңтар айында бастады.

Диабеттік аяқ – қантты диабеттің ауыр асқынуларының бірі. Ол ойықжаралар, сүйектер мен буындардың зақымдануы, терінің сезімталдығының жоғалуы түріндегі аяқтың патологиялық өзгерістерімен сипатталады. Уақтылы емделмеген жағдайда бұл асқыну аяқ-қолдың ампутациясына әкелуі мүмкін.

Жаңа Диабеттік аяқ орталығының негізгі қызметі – аяқ артерияларының созылмалы аурулары бар адамдарда жоғары ампутацияның алдын алу. Бүгінде 100-ден аса пациент орталықтан ем алған.

Орталықта диабеттік аяқ синдромы бар пациенттерді емдеудің кешенді көпсалалы тәсілі жүзеге асырылды. Бір пациентті емдеуге қантамыр хирургі, эндокринолог, кардиолог, невропатолог, хирург, травматолог-комбустиолог, рентгенологтың қатысуымен дәрігерлер тобы тартылады. Бұл тәсілмен пациенттер барлық қажетті медициналық көмекті емдеуші дәрігердің бақылауымен бір жерде алады.

Ойықжараларды хирургиялық өңдеудің заманауи әдістері қолданылады:

  • ультрадыбыстық кавитация
  • вакуумдық терапия
  • аяқтың ауқымды жара ақауларын жабу үшін фибробласт трансплантациясы.

Көпсалалы стационарда орналасуына байланысты Орталықтың ауыр қосарласқан патологиясы (коронарлық артериялардың клиникалық маңызды зақымдануы, созылмалы гемодиализ және т.б.) бар пациенттерге көмек көрсету мүмкіндігі бар.

Пациенттерге арналған стационарлық бөлімшеде пациенттерді аяқ-қолды сақтауға бағытталған қантамырлық араласуларды, сондай-ақ қан айналымының бұзылуы нәтижесінде аяқ-қолдарда қалыптасқан тіндік ақауларды емдеуге ықпал ететін операциялар мен манипуляцияларды орындамас бұрын тексеру және емдеу жүргізіледі.

Операцияның келесі түрлері орындалады:

  • аяқ артерияларын шунттау;
  • аяқ артерияларындағы эндоваскулярлық араласулар (баллонды ангиопластика және стенттеу): қан айналымын жақсартудың заманауи аз жарақаттайтын (аз инвазивті) әдісі;
  • гибридті қантамырлық реконструкциялар (бір клиникалық эпизодтағы ашық және эндоваскулярлық тәсілдердің үйлесімі);
  • ауқымды трофикалық жараларды жабу үшін фибробласттарды аллотрансплантациялау.

Диабеттік аяқ синдромының алдын алу қант диабеті диагнозы қойылған науқастар үшін өте маңызды.

Қажетті шаралар:

  • қандағы қант деңгейін үнемі бақылау;
  • күнделікті табанды тексеру;
  • жаман әдеттерден бас тарту (темекі шегу, ішімдік);
  • жалаң аяқ жүруден бас тарту, тіпті үйде де;
  • арнайы терапиялық ортопедиялық аяқ киімді қолдану;
  • аяқтың күйіп қалуынан және салқындаудан барынша қорғану;
  • тамақтануды қалыпқа келтіру;
  • емдік және тыныс алу гимнастикасын орындау (жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін жақсарту, дене салмағын қалыпқа келтіру, лимфа ағынын жақсарту);
  • тұрақты медициналық тексеруден өту;
  • өзін-өзі емдеуді тоқтату.

Есіңізде болсын, диабеттік аяқ синдромын емдеуден гөрі, оның алдын алу әлдеқайда оңай. Тұрақты профилактикалық шаралар мен дәрігердің ұсыныстарын орындау жағымсыз салдар мен асқынуларды болдырмауға көмектеседі.


Аурухана серіктестері