Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қостанай облысындағы іссапардың алғашқы күні

  22.08.2023
Қостанай облысындағы іссапардың алғашқы күні

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Қостанай облысындағы жұмыс сапарының алғашқы күнін тәмамдады.

Бағдарлама кестесіне сай ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 8 өңірлік дәрігер және 3 операциялық мейірбикенің қатысуымен 2 күрделі операцияны сәтті жасап шықты. Оның біріншісінде 61 жастағы науқасқа жіті аневризманың эмболизациясына ағынды өзгертетін стент орнатылды. Екінші операция 50 жастағы науқасқа артерия-веналық эмболизацияның бірінші кезеңі бойынша мидың сол жақ гемисферасының артериовенозды ақауына жасалды. Бұдан бөлек өңірдің 4 тұрғыны нейрохирургтің қабылдауында болып, мазалаған сырқатына дәрігерлік кеңес алды.

Сонымен қатар ауруларды алдын алуда диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, заманауи әдістерімен бөлісу мақсатында ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева және ҚР ПІБ МО ауруханасы Клинико-фармакологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова «Сепсис кезіндегі антибиотикалық терапия, антибиотикке төзімділік, клиникалық-фармакологиялық қызмет» тақырыбында 60 әріптеске дәріс оқыды.





Аурухана серіктестері