ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы дәрігерлерінің Қостанай облысына іссапары
ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында еліміздің барлық өңірінде «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» іс-шаралары өтеді.
2023 жылғы 21-24 тамыз аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының кезекті іссапары Қостанай облысына жоспарланып отыр.
Делегация құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бірінші басшылары, бөлімше басшылары, сондай-ақ бас аритмолог пен бас онколог дәрігерлер бар.
Сапар барысында Аурухана дәрігерлері шеберлік сабақтар, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасайды.
Аталған іс-шаралар Қостанай облыстық ауруханасында, Қостанай қалалық ауруханасында, Қостанай қалалық көпсалалы онкологиялық ауруханасында, Қостанай облыстық кардиологиялық орталығында және Рудный қалалық ауруханасында өтеді.