Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмологы Испанияда жыл сайын өтетін Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығына (EHRA) қатысты

  20.04.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмологы Испанияда жыл сайын өтетін Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығына (EHRA) қатысты

Испанияның Барселона қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдарды, медицина қызметкерлерін және аритмология саласының басқа қатысушыларын біріктіретін Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының (EHRA) жыл сайынғы XX мерейтойлық конгресі өтті.

Конгреске Еуропа, АҚШ, Қытай, Жапония, Түркия, Қазақстан және басқа елдерден келген 4360-тан аса делегат қатысты. Қазақ аритмологтар қоғамы атынан республиканың барлық өңірінен 14 дәрігер қатысты. Аян Әбдірахманов – аритмология орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмологы конгресте Қазақстанды таныстырды.

Біздің делегация 5 постерлік баяндама ұсынды:

1) Жүрек операциясынан және алдыңғы катетерлік абляциядан кейін жүрекшесінде атипиялы діріл бар науқастарда NT-proBNP және сол жақ жүрекше қысымның корреляциясы;

2) Қатетерлік абляциядан кейін жүрекше фибрилляцияның қайталануын болжаушы ретінде сол жақ жүрекше деформациясы;

3) Суправентрикулярлық тахикардиясы бар жүкті әйелдерде рентгеноскопиясыз катетерлік абляция: субстраттың сипаттамасы және нәтижелері;

4) Толық атриовентрикулярлық блокадасы бар әйелдердегі жүктіліктің барысы мен нәтижелеріне баса назар аудару: бір орталықтың тәжірибесі;

5) Жүктілік кезінде нөлдік рентгеноскопиямен катетерлік абляция жасалған әйелдерде жүктілік барысы мен жүктілік нәтижелеріне баса назар аудару: 2 жылдық бақылау нәтижелері.

Аян Абдрахманов Бас Ассамблеяның және Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығы Ұлттық Қоғамдар Комитетінің екі ұйымдастырушылық отырысына қатысты.

Конгресс қорытындысы бойынша жыл сайынғы халықаралық EHRA конгресін Қазақстанда өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.  Конгресті EHRA президенті, профессор Хосе Мериноның қатысуымен 2023 жылдың 13-14 қазанында ҚР ПІБ МО ауруханасында өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, аталмыш конгресте Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығы (EHRA) Азия-Тынық мұхиты жүрек ырғағы қоғамы (APHRS), Канада жүрек ырғағы қоғамы (CHRS) және Латын Америкасы жүрек ырғағы қоғамымен (LAHRS) бірге жүректің өткізгіш жүйесін стимуляциялау туралы жаңа консенсусты шешім қабылдағанын да атап өтуге болады. Бұл ҚР ПІБ МО ауруханасында сәтті енгізілген болатын.




Аурухана серіктестері