Директордың емхана жөніндегі орынбасары - Төлеуова Әлия Асылбекқызы
2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы жүйесінде жұмыс істейді. 1996 жылдан 2006 жылға дейін Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласының жетекші емдеу ұйымдарында, оның ішінде Н. Блохин атындағы Ресей онкологиялық орталығы мен Интервенциялық кардиоангиология ғылыми-практикалық орталығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Медицина ғылымдарының кандидаты, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Қазақстан Республикасының аккредитацияланған тәуелсіз сарапшысы.
«Құрмет» ордені, «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасы Іс басқармасының алғыс хаттары және грамоталарымен марапатталған.
Білімі: 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын үздік бітірген.
Келесі құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді:
Амбулаториялық қызмет басшысы
БМСК 1 және 2-бөлімшесі + 6 денсаулық сақтау пункті, дәрігерлік кабинеттер
Күндізгі стационар бөлімшесі
Акушерлік-гинекологиялық бөлімше
Аллергология орталығы
Стоматологиялық бөлімше
Ақылы қызмет бөлімшесі
Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
Жедел медициналық жәрдем бөлімшесі
Превентивті медицина бөлімшесі (Check up)
Консультациялық-диагностикалық бөлімше
Рентгендиагностика бөлімшесі+секторы
Компьютерлік және магнит-резонанстық томография бөлімшесі+секторы
Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі+секторы
Функциялық диагностика бөлімшесі+секторы
Call орталығы мен медтіркеу
Ядролық медицина орталығы: радиоизотоптық диагностика бөлімшесі + Циклотронды-өндірістік кешен