«Жаршысы» журналы
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Жаршысы» ғылыми-практикалық журналы"
| Журналдың мақсаты ПІБ Медициналық орталығының және оның ведомстволық қарасты ұйымдарының ғылыми-инновациялық қызметін, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының ғалымдары және жеке бастамашылық тәртібімен немесе қызметтік тапсырмалар шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізетін адамдар орындайтын ашық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау болып табылады. Журналдың негізгі міндеттері: 1) жоғары халықаралық талаптарға сәйкес келетін ғылыми рецензияланатын басылымды құру және дамыту; 
 2) медицина және денсаулық сақтау саласында ғылымды, клиниканы және білім беруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу; 
 3) ғылыми мақалаларды (ғылыми зерттеулер нәтижелерін) жедел жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету және жарияланған материалдарға барлық мүдделі тұлғалардың ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарының деңгейін арттыруға жәрдемдесу; 
 4) денсаулықтың әлеуметтік детерминанттарына, денсаулық пен ауру арасындағы экологиялық және кәсіби әрекеттердің байланыстарына, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы саясаттың, практика мен араласулардың әсеріне ерекше назар аудару; 
 5) халықаралық ғылыми қоғамдастықтың шоғырлануына жәрдемдесу; 
 6) ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру; 
 7) әлемдік ғылыми кеңістікте медицина және денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктерді ілгерілету; 
 8) шетелдік авторлардың жарияланымдық белсенділігін, Қазақстан Республикасының ғылыми медициналық ұйымдарының рейтингін және олардың дәйексөз деректері бойынша әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ғылыми жарияланымдар деңгейін арттыру. | 
 Бас редактор | 
Тақырыптық бағыты: денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медицина ғылымы және клиникалық практика, медициналық білім.
Жиілігі: тоқсан сайын (жылына 4 рет).
МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Байланыс деректері:
 Толық ақпарат алу үшін +7 7172 708102, +77003037703 телефоны бойынша (Ақмарал Берікқызы Сүлейменоваға) хабарласуға болады.

 
                     
                     
                    