Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Жаршысы» журналы

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Жаршысы» ғылыми-практикалық журналы"

Журналдың мақсаты ПІБ Медициналық орталығының және оның ведомстволық қарасты ұйымдарының ғылыми-инновациялық қызметін, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының ғалымдары және жеке бастамашылық тәртібімен немесе қызметтік тапсырмалар шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізетін адамдар орындайтын ашық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау болып табылады.

Журналдың негізгі міндеттері:

1) жоғары халықаралық талаптарға сәйкес келетін ғылыми рецензияланатын басылымды құру және дамыту;

2) медицина және денсаулық сақтау саласында ғылымды, клиниканы және білім беруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу;

3) ғылыми мақалаларды (ғылыми зерттеулер нәтижелерін) жедел жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету және жарияланған материалдарға барлық мүдделі тұлғалардың ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарының деңгейін арттыруға жәрдемдесу;

4) денсаулықтың әлеуметтік детерминанттарына, денсаулық пен ауру арасындағы экологиялық және кәсіби әрекеттердің байланыстарына, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы саясаттың, практика мен араласулардың әсеріне ерекше назар аудару;

5) халықаралық ғылыми қоғамдастықтың шоғырлануына жәрдемдесу;

6) ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру;

7) әлемдік ғылыми кеңістікте медицина және денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктерді ілгерілету;

8) шетелдік авторлардың жарияланымдық белсенділігін, Қазақстан Республикасының ғылыми медициналық ұйымдарының рейтингін және олардың дәйексөз деректері бойынша әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ғылыми жарияланымдар деңгейін арттыру.

Бас редактор

Бенберин Валерий Васильевич
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, м.ғ.д., профессор.

Тақырыптық бағыты: денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медицина ғылымы және клиникалық практика, медициналық білім.

Жиілігі: тоқсан сайын (жылына 4 рет).

МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Байланыс деректері:

Толық ақпарат алу үшін +7 7172 708102, +77003037703 телефоны бойынша (Ақмарал Берікқызы Сүлейменоваға) хабарласуға болады.

ЖАРИЯЛАНЫМДАР МЕН АВТОРЛАРДЫҢ ӘДЕП ТАЛАПТАРЫ



Аурухана серіктестері