Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Оқу-клиникалық орталық

ОТДЕЛ НЕПРЕРЫВНОГО ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ 6
ОТДЕЛ НЕПРЕРЫВНОГО ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ 7

Мақсаты: қазіргі заманғы шағын инвазивті және озық технологияларға оқыту, МОА МО медициналық кадрларының роботталған және эндоскопиялық хирургия дағдыларын меңгеруі, сондай-ақ ҚР өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне білім беру қызметтерінің трансфертін жүзеге асыру.

Оқу орталығының міндеттері:
  • МОА және басқа ұйымдардың медициналық кадрларының эндоскопиялық хирургия бойынша тәжірибелік дағдылар мен іскерлікті меңгеруі және пысықтауы үшін жағдай жасау. Республиканың дәрігерлерін, орта медицина қызметкерлерін, эндоскопиялық хирургия саласындағы мамандарды және медицина қызметкерлерін эндоскопиялық хирургияның теориялық және тәжірибелік негіздеріне біліктілігін арттыру және жұмыс орнында тағылымдамадан өткізу курстарында оқыту.
  • ҚР медициналық ұйымдарының мамандары үшін мастер-класстарды өткізу.
  • Эндоскопиялық хирургия бойынша конференциялар, конгрестер, тренингтер ұйымдастыру және өткізу.
  • Әріптестермен (ел ішінде және шетелде) кеңес беру және ақпарат алмасу, көшпелі мастер-класстар өткізу.
  • МО МОА-да эндоскопиялық хирургияның озық әдістері мен технологияларын енгізуге және оларды елдің басқа медициналық мекемелеріне трансферттеуге жәрдемдесу,

·         KARL STORZ® компаниясының қолдауымен әлемнің жетекші оқу орталықтарында эндоскопия саласында МОА МО және елдің басқа да медициналық ұйымдары мамандарының тағылымдамасына жәрдемдесу

Орталық мануалды дағдыларды пысықтау үшін эндоскопиялық хирургияға арналған тренажерлермен жабдықталған аудиторияны, интеграцияланған заманауи операциялық OR1-ден онлайн режимінде операция жасауға арналған арнайы жабдықты, дәріс және оқу залын қамтиды.

Жұмыс орны TELEPACK Х мобильді бейне жүйесі, лапароскопияға арналған тренажерлермен және лапароскопияға арналған құралдар жиынтығымен жабдықталған. Тренажер залы бір уақытта 12 адамға арналған тренинг өткізуге және эндоскопиялық операциялар кезінде жағдайды моделдеуге, кеңістіктегі бағдарлау, құралдармен манипуляция дағдыларын өңдеуге мүмкіндік беретін 6 жұмыс орны бар.

2018 жылдан бастап Орталықтың жанында Алғашқы Қазақстандық Халықаралық референстік және роботталған хирургияның оқу орталығы жұмыс істейді.


Аурухана серіктестері