логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Кәсіптік білім беру бөлімі

Бөлімнің миссиясы: денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білім берудің білім беру бағдарламаларын және резидентура бағдарламаларын іске асыру, кәсіби дайындықты, білім мен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын арттыру мақсатында Аурухананың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі негізінде, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және «Сыртқы кешенді бағалау бойынша сарапшылар мен консультанттар» Қоғамдық бірлестігінің аккредиттеу комиссиясының шешімі денсаулық сақтау саласында» (2021 жылғы 30 қарашадағы № 156 бұйрық) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығынның ауруханасы» ШЖҚ РМК 3 жыл мерзімге тағайындаумен аккредиттелген жоғары санаттағы болып танылды. Куәліктің берілген күні 30.11.2021 Тіркеу №KZ66VEG00011799. Бұл куәлік денсаулық сақтау субъектісінің қызметі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін куәландырады.

«Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу және сапаны қамтамасыз етудің Еуразиялық орталығы» НҰ Аккредиттеу кеңесі «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығынның ауруханасы» ШЖҚ РМК сыртқы сараптама комиссиясының бағалау нәтижелері негізінде 24.05.2019 жылғы №IA00009 сертификатын 5 жыл мерзімге қосымша білім беретін аккредиттелген ұйым мәртебесі берілді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығынның ауруханасы» ШЖҚ РМК резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру қызметіне лицензиясы бар және алты білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды.

Байланыс мәліметтері:

Астана қ., Есіл ауданы, Е-495 к-сі, L блок, 6 этаж, 6.64 кабинет

Кәсіптік білім беру бөлімі

Телефон: +7 (7172) 70-79-52

Email: opo.bmc@mail.ru

09.00-18.00 (түскі үзіліс 13.00-14.00) күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін


Аурухана серіктестері