Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні атап өтіледі.

  04.02.2020

Біздің мақсатымыз – халықтың онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыру және қолжетімді скринингтік зерттеулер туралы ақпараттандыру.

Обыр - бүкіл әлемде өлімнің жетекші себептерінің бірі болып табылады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, онкологиялық аурулардың салдарынан болатын өлім-жітім қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнен кейін екінші орында тұр. Бүкіл әлемде обырдан жыл сайын 9,6 миллион адам көз жұмады. Сарапшылар 2030 жылға қарай қатерлі ісіктің салдарынан болатын өлім-жітімнің 13 миллионға дейінгі өсімін болжайды.

Осыған байланысты, Қазақстанда #IAmAndIWil. #Мен Бармын және Боламын! #Мен барамын! – атты ұранмен кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық акция өтіп жатыр.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша, жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 35 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Бүгінгі таңда 180 мыңға жуық қазақстандық диспансерлік есепте тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 15 мың адам қайтыс болады. Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыр болып табылады.

https://onco.kz/news/ezhegodno-4-fevralya-po-initsiative-mezhdunarodnogo-protivorakovogo

2018 жылы 100 мың халыққа шаққандағы Қазақстанның облыстар бойынша қатерлі ісікпен ауыру көрсеткіштері

1123.png

✔ Қалыпты жасушаның ісікке айналуы, әдетте қатерлі ісікке обыр алды жағдайының дамуын білдіретін көп кезеңді процесс барысында орын алады.

✔ Бұл өзгерістер адамның генетикалық факторлары, сыртқы ортаның қолайсыз факторлары және мінез-құлықтық қауіп факторлары арасындағы өзара әрекеттесу нәтижесінде орын алады.

✔ Ішек обыры немесе сүт безі обыры сияқты ісіктің кейбір түрлері, төмен физикалық белсенділік жағдайында жылдам өседі.

✔ Ағзаның ісікке қарсы қорғанысының негізі иммундық жүйе болып табылады. Иммунитеттің жоғары деңгейі адамға қолайсыз экологиялық жағдайда да ұзақ уақыт бойы сау болуға мүмкіндік береді.

✔ Онкологиялық аурулардың профилактикасында -  ауруларды ерте анықтауға бағытталған скринингтік тексерулерден өту, ісікке қарсы тұруды ұзақ уақытқа арттыруға ықпал ететін тамақтану сапасын жақсарту және салауатты өмір салтын жүргізу аса маңызды болып табылады. 


Аурухана серіктестері