Жаңа жылға арналған мерекелік отырыстарда денсаулыққа зақым келтіріп алмау жолдары

Жаңа жыл қалыптасқан дәстүр бойынша бұл әртүрлі, көбінесе калориялы және тойымды тағамдар мен түрлі алкогольге толы мереке. Бұл күні асқазан үшін ғана «мереке» емес, үстелдегі сықасқан тағамдар да ағза үшін ауыр сынақ. Келесі кеңестер жаңа жылды «жақсы қарсы алуға» және өз денсаулығына зиян келтірмеуге көмектеседі.


  1. Жаңа жылға дейін бірнеше күн қалғанда барынша дұрыс тамақтануға тырысыңыз. Аш жүрмеңіз. Жасыл салаттарды, жемістерді, төмен калориялы өнімдерді көп тұтыныңыз.

  2. 31 желтоқсан күні міндетті түрде таңғы ас ішіңіз. Таңертең аш жүрмеңіз. Кешке тамақты бас салып, артық жеп қоясыз. Әдетте, адам алғашқы 30 минутта тойып қалады, ал жаңа жылдық отырыс ұзаққа созылады. Дастарханға отырмас бұрын бірнеше рет жеңіл тамақтануға болады.

  3. Адамдардың демалыс және мереке күндері тұтынатын алкоголь мөлшері салмақтың артуына және семіздікті асқындыратын, қосымша калорияның басты көзі болып табылатындығы анықталды. Жаңа жылдық мереке күндері алкогольдік калория әсерінен көптеген адамдарда кейіннен жыл бойына сақталып қалатын салмақ өзгерісі болады.

  4. Мас болып қалмау үшін, алкогольдің алдында тым майлы тамақ ішпеңіз. Бұл жалған миф. Егер майлы тағамды жейтін болсаңыз, ферменттік жүйелердің жұмысы бұзылып, бауыр мен ұйқы безіне салмақ түседі, бұл қыжыл, асқазандағы ауырлықты, жүректің айнуын асқындырады.

  5. Ыстық және суық тағамдарды алма кезек жеудің зияны туралы да естен шығармаңыз. Бұл тістің эмалі мен асқазан-ішек жолдарына теріс әсер етеді. Ағзаға шамадан тыс салмақ түсірмеу үшін қуырылған тағамдарға да әуестенбеңіз.

  6. Дәмді тағамның толық бөлігін жемей, тек тамақтың дәмін татуға тырысыңыз.

  7. Көбірек қозғалыңыз. Керемет би кешін ұйымдастырудың қажеті жоқ, кез-келген дене белсенділігі де жарай береді, мысалы, дастархан басында отыра бермей, салютты тамашалау үшін баспалдақпен түсіп, далаға шыққан абзал.

Мерекелік дастарханнан есімізде тек жағымды естеліктер қалсын!