логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ: ТАМАҚТАНУ БАСҚАРЫЛАТЫН ҚАУІП ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

  24.09.2024
ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ: ТАМАҚТАНУ БАСҚАРЫЛАТЫН ҚАУІП ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен және ДДҰ қолдауымен жыл сайын 29 қыркүйекте бүкіл әлемде Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі.

Бұл іс - шараның мақсаты - қан айналымы жүйесінің аурулары (бұдан әрі - ҚЖА) эпидемиясының қаупі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, жүрек және қан тамырлары аурулары, олардың даму себептері және алдын алу жолдары туралы хабардарлықты арттыру.

Бүкіл әлемде ҚЖА өлімнің негізгі себебі болып табылады, олар ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша жыл сайын шамамен 18 млн. адамның өмірін қияды. Бүгінде еңбекке қабілетті жастағы әр оныншы қазақстандық ҚЖА-ның кез келген түріне шалдыққан және әр екінші өлім осы аурулардың себебінен болады.

ҚЖА-бұл жүректің ишемиялық ауруы, ми қан тамырлары ауруы, ревматикалық жүрек ауруы және басқада жүрек патологияларды қамтитын жүрек және қан тамырлары ауруларының тобы. Бес өлімнің төртеуінен астамы инфаркт және инсульт сияқты ҚЖА асқынуларының нәтижесінде болады, олардың шамамен үштен бір бөлігі мерзімінен бұрын, яғни 70 жасқа дейін болады.

ҚЖА дамуының қауіп факторларын екі топқа бөлуге болады:

Басқарылмайтын (биологиялық) факторлар: тұқым қуалаушылық (жақын туыстарының ауруы тәуекелді 25% - ға арттырады), еркек жынысы (40-70 жаста, ерлердің тек 8% -  артериялар атеросклерозбен зақымдалмаған, әйелдерде - 52%), егде жас (65 және одан жоғары).

Басқарылатын факторлар (өмір салтына байланысты): тамақтанудың бұзылуы, семіздік, қандағы холестериннің жоғарылауы, қант диабеті, гипертония, темекі шегу, гиподинамия, алкогольді шамадан тыс пайдалану, стресске ұшырау.

Мінез-құлық қауіп факторларының әсері жоғары қан қысымы, қандағы глюкоза мен липидтердің жоғарылауы, артық салмақ немесе семіздік түрінде көрінуі мүмкін. Бұл «аралық қауіп факторлары» жыл сайынғы кешенді профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткен кезде анықталуы мүмкін және инфаркт, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі және басқа асқынулар қаупінің жоғарылауын көрсетеді.

Жүрек пен қантамыр саулығы үшін ұсынылатын тамaқтану рационы.

  • Рацион неғұрлым әртүрлі болса, ағза соғұрлым көп қоректік заттар алады. Рационды пайдалы тағамдармен әртараптандырыңыз: көкөністер мен жемістер, ашытылған сүт өнімдері, бұршақ дақылдары, дәнді дақылдар, сондай-ақ теңіз өнімдері.
  • Ас тұзын тұтынуды шектеңіз (күніне 5 гр. аз) және қант (3-4 шай қасықтан артық емес).
  • Рационға аптасына 1-3 рет балық қосыңыз.
  • Күніне бір уыс жаңғақ жеңіз, бұл пайдалы майлар мен ақуыздардың тамаша көзі.
  • Майсыз ет сорттарын таңдаңыз, пісіру кезінде көрінетін майды, ал тауықтың терісін алып тастаңыз. Қызыл ет нормасы 80-100 гр. күніне, аптасына 2-3 рет.
  • Зәйтүн майын жиі қолданыңыз (күніне 1-2 ас қасық), ол қантамырды «жаман» холестериннен тазартады. Онымен, сондаяқ йогуртпен немесе майлылығы төмен қаймақпен салаттарды жасаңыз, майонезді қолданбаңыз.
  • Кем дегенде күні 500 гр. жаңа піскен жемістер мен көкөністер тұтыныңыз (жергілікті болғаны жақсырақ), жүрек пен қантамыр үшін өте маңызды және қажетті витаминдер, тағамдық талшықтар, калий және магний көзі ретінде.
  • Ащы шоколадты (кем дегенде 70% какао) 30 гр. аспайтын мөлшерде тұтыныңыз, ол жүректің артериялары мен бұлшықеттін күшейтетін, қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.
  • Ақ нанды ірі ұннан жасалған нанмен алмастырыңыз.
  • Жасыл шай, кептірілген жеміс компоттары, жеміс сусындарын ішіңіз. Қою шай мен кофені көп пайдаланбаңыз, олар жүрек - қантамыр мен жүйке жүйесін қоздырады, сонымен қатар қанға пайдалы қоректік заттардың сіңуіне жол бермейді.
  • Рационнан зиянды өнімдерді шығарыңыз: газдалган тәтті сусындар, шұжық, ысталған ет, кондитерлік өнімдер, балмұздақ, фаст - фуд және т. б.
  • Қуырылған тағамдардан аулақ болыңыз. Қайнату, бұқтыру, бумен немесе тандырда пісіру, суға пісіру сияқты тағам дайындау әдістеріне артықшылық беріңіз.

Есіңізде болсын! Темекі тартпау, тұзды тұтынуды азайту, жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну, тұрақты физикалық белсенділік және алкогольді асыра тұтынудан бас тарту ҚЖА даму қаупін төмендететіні дәлелденген!


Аурухана серіктестері