Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ЗӘЙТҮН МАЙЫН ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

  25.06.2019

Хабар 24/ "Пища для размышления" бағдарламасына берілген сұхбат

 

СӨСҚО дәрігер-әдіскері Г.К. Турдунова маусым айында "Пища для размышления" бағдарламасының бірнеше түсіріліміне қатысты, олардың бірі "Зәйтүн майын қалай таңдаған дұрыс?» тақырыбында болды.

 

Зәйтүн майы – антиоксиданттардың, дәрумендердің, минералдардың, пайдалы полиқанықпаған май қышқылдарының құнды көзі:

- жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады (қандағы нашар холестериннің деңгейін төмендетеді, осылайша қан тамырларының атеросклероздық зақымдануының алдын алуға ықпал етеді)

- иммунитетті нығайтады

- ми мен басқа органдардың жұмысын жақсартады

- жасартатын қасиетке ие

- денені тонуста ұстауға көмектеседі, сондай-ақ басқа да көптеген пайдалы қасиеттерге ие.

 

Зәйтүн майын таңдау кезінде қандай нәрселерге назар аударған жөн?

 

Түсі. Зәйтүн майының түсіне әртүрлі факторлар әсер етеді: бұл өнімді жинау уақыты, зәйтүннің пісуі және қоспалардың болуы. Сапалы зәйтүн майы әр түрлі реңктері бар әдемі алтын түсті болуы керек, ол сұр, не тым сары түс бермеуі тиіс. 

 

Дәмі. Зәйтүн майының дәмі қаныққан, қарқынды, кейде ащы, тәтті, тұзды немесе қышқыл болуы мүмкін. Сулы, сірке суы немесе металл дәмі нормадан ауытқу болып саналады.

 

Таңбалануы:

Майдың негізгі санаттары:

- табиғи VIRGIN

- тазартылған REFINED

- күнжара POMACE

- Extra virgin жазуы бұл майдың химиялық өңдеуге ұшырамағаны және зәйтүннің ең үздік сұрыптарынан механикалық өңдеу (суық сығу) арқылы жасалғандығының белгісі

- DOP – аббревиатурасы (denominacion de origen protegida) ол зәйтүннің ең жақсы сұрыптарынан жасалғаны және өндірілген аймақта құйылғаны туралы айтады. Мұндай өнім маркалы болып саналады және ол жоғары стандарттар бойынша жүргізіледі, сонымен қатар тұрақты тексеруге жатады. 

- МИКС тазартылған және суық сығылған май қоспасынан жасалған май, extra virgin санатының тиімді бюджеттік баламасы.

 

Өндіруші: зәйтүн майын өндіретін көшбасшылары Испания, Греция, Италия, сондай-ақ Түркия, Израиль және Сирия болып табылады. Өндіруші елдің штрих-кодына назар аударамыз.

 

Қаптамасы. Қараңғы шыны бөтелкедегі майды сатып алу ұсынылады. Герметикалығына, тұтастығына және құю күніне назар аударамыз. Май өндірілген күнінен бастап орташа есеппен 18 ай бойы сақталады, тиісінше неғұрлым жас май денсаулыққа пайдалы болады. 

 

Пайдалану бойынша бірнеше пайдалы кеңестер

 

- Қуыру мен пісіру үшін тазартылған зәйтүн майын (refined) пайдаланған дұрыс, өйткені термалық өңдеу кезінде тазартылмаған табиғи майдың пайдалы компоненттері сақталмайды, бұдан басқа олар онкологиялық аурулардың дамуына ықпал ететін канцерогендік заттарға айналуы мүмкін.

- Virgіn / extra virgin санатты майды салаттарға және т.б. қосу үшін пайдалану қажет (термалық өңдеуге болмайды)

- Pomace – күнжаралықты пісіруге ғана пайдаланған дұрыс

 

Зәйтүн майы түрінде бізге не сатылатыны туралы толығырақ, ол ащы болуы керек пе және шынымен пайдалы майды қалай таңдауға болатыны жайлы сіз "Пища для размышления" бағдарламасының кезекті шығарылымынан біле аласыз, сайты https://24.kz/ru/tv-projects/pishcha-dlya-razmyshleniya/item/323167-kak-vybrat-nastoyashchee-olivkovoe-maslo-pishcha-dlya-razmyshleniya


Аурухана серіктестері